18 Октябрь
08:06
Астана: 9 °C
Алматы: 6 °C
USD/KZT: 333.53
EUR/KZT: 392.10
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.40
Әлем жаңалықтары
4 шілде 10:33
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Түркияда балалы болған павлодарлықтар ұлын тастап кетуге мәжбүр болды (ВИДЕО)

Павлордар қаласының тұрғындары ерлі-зайыпты Ирина Шевчукова мен Владимир Трощенко Қазақстанға оралды. Алайда өз балаларын Түркия клиникасында қалдырып кетуге мәжбүр болды. Себебі ол инкубаторда жатыр. 750 грамм салмақпен туған шақалаққа, кем дегенде, екі киллограм жинау қажет. Оған үш айдай уақыт кетеді. Осы қызметі үшін түрік клиникасына 50-60 мың доллар төлеу керек, деп хабарлайды Baq.kz отандық бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Баланың ата-аналары - Ирина мен Владимир Түркияда қала алмады. Себебі тұратын жерлері және оған төлейтін ақшалары жоқ. Оған қоса, клиникада Иринаны өзіне көрсетілген медициналық қызметтер үшін 2,5 мың доллар көлеміндегі ақыны төлеуге міндеттеді. Отбасының туған-туыстары, достары мен көмектесуге ниет танытқандардың арқасында 2 мың доллардай ақша жиналды. «Еуразия» атты сақтандыру компаниясы 300 мың теңгеге жуық ақшаны аударып берді. Ал Қазақстанның Түркиядағы елшілік қызметкерлерінің араласуымен түрік клиникасы емдеудің құнын 1,5 мың долларға қысқартты. Дегенмен, қазіргі ақша баланы алып кетуге жетпейді.

Ирина мен Владимирдің айтуынша, сақтандыру шарттарына сәйкес, кем дегенде, 10 мың доллар төленуі тиіс. Сол себепті олар осы мәселе бойынша тиісті органдарға арыздануды ойлап отыр. Бұдан бөлек, жас жұбайлар Қазақстандағы балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Балиевадан көмек беруді сұрайды. «Біз шамамен есептеп көрдік, отбасымыздың барлық пәтерлерін сатсақ та, ол ақша бізге жетпейді», - деді Ирина.



baq.kz
нравится:    6846
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии