14 Декабрь
12:11
Астана: -19 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 335.38
EUR/KZT: 394.07
RUB/KZT: 5.67
CNY/KZT: 50.67
Әлем жаңалықтары
19 қазан 12:23
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Түркияда күніне 5 миллионнан астам нан қоқысқа шығарылады
Түркияда нанды ысырап ету үлкен әлеуметтік мәселеге айналып отыр. Өйткені бұл елдің ресми дерегі бойынша күніне 5 миллионнан астам нан қоқысқа шығарылады. Мамандардың есебінше, жейілмей тасталатын, ысырап болатын ас атасының бір жылдық шығыны 1,5 млрд түрік лирасын құрайды. Ал ол қомақты қаржы үнемделсе, жылына 500 шақырым жол төсеуге немесе 500 жаңа мектеп салуға болады екен.



Түркияның ең ірі қалаларының бірі – Ыстамбұлда ірілі-ұсақты 4 мыңнан аса наубайхана жұмыс істейді. Олар күніне 18 миллион нан пісіріп, тұтынушыларына таратады. Алайда сарапшылар нанның ысырап болуына ерекше алаңдаушылық білдіріп отыр. Себебі күн сайын үйден, асханалар мен мейрамханалардан артылған нанда есеп жоқ, — дейді олар.

Фахри Өзер, Ыстамбұл наубайшылар одағының төрағасы: 
- Нанның ысырап болуына әртүрлі себеп бар. Оның бірі –Түркияда ас атасының бағасы төмен, тіпті оның құны түкке жарамсыз сағыздан да арзан. Өкінішке орай, адамдар нанның қадірін ұмытып барады. Екіншіден, нан және кондитерлік өнімдер заңына өзгерістер қажет. Біз қазір салмағы 250 грамм құрайтын нан пісіре аламыз, ал 100 грамдық нан шығаруға рұқсат жоқ. Заң талабын бұзсаң, айыппұлы қомақты. Сондықтан нанды аз тұтынушылардың да қажеттілігін ескеріп, ысыраптың алдын алуымыз тиіс.

Түркияда қоғамдағы өзекті мәселені шешу үшін 2013 жылдан бері мемлекеттік деңгейде «Ысырапқа жол жоқ» акциясы өткізіліп тұрады. Оның аясында тәрбиелік мәні зор роликтер мен деректі фильмдер түсіріліп, ел танымал өнер және спорт жұлдыздары асқа адал болуға үндейді. Мұстафа Йылмыз күн сайын жұмыстан қайтарда үйінің жанындағы дүкенге соғып, нан алады. Отағасы отбасының есеп-қисабын өзі жүргізеді.

Мұстафа Йылмаз, Ыстамбұл тұрғыны: 
- Менің отбасым 4 адамнан тұрады. Күніне біз 3 нан сатып аламыз. Одан көп алсақ, босқа артылып қалатынын жақсы білемін. Алған затымның құнын білетін адаммын, әр нәрсеге аса ықтиярлықпен қараймын. Әсіресе ысырап етуді жаным сүймейді. Егер адамдар нанды, киімді, затты қоқысқа тастар алдында Африкадағы ашқұрсақ балалардың хал-жағдайын бір ойласа, аста-төкке бармас еді. Амал нешік, күніне 5-6 миллион нан қоқыстан бір-ақ шығуда.

Бұл мәселеде жергілікті билік те қол қусырып отырған жоқ. Қоқысқа кеткен нанды арнайы бөшкеге жинап, қаладағы ит-мысықтар мен жануарларға қорекке тарқатуда. Алайда Ыстамбұл наубайшылар одағы нан құрамындағы дәрумендер адам ағзасына арналғанын ескертіп, ысыраптан құтылудың жалғыз жолы – үнемдеу дейді.

Дереккөзі: 24 kz
нравится:    757
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии