18 Декабрь
20:46
Астана: -18 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Туризм
2 ақпан 09:21
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Түркияда мыңнан аса отель сатылуға шығарылды
01-02-16-Self-Catering-1

Түркия отельерлері Эгей және Жерорта теңіздері жағалауларына орналасқан 1,3 мың мейманхананы сату үшін саудаға шығарды. Бұл туралы Zaman газеті дерегіне сүйенген ras.kz хабарлады.

Басылым мұны Ресеймен қарым-қатынастағы дағдарыс пен елде қауіпсіздік ахуалының нашарлап кетуінен деп түсіндіреді.

Осы мейманханалардың жиынтық бағалары шамамен 30 миллиард түрік лирі (10 миллиард доллардан артық) тұрады екен. Олардағы орын саны – 153 мың. Сатуға шығарылғандар арасында Анталья қаласының маңындағы Ресей рыногына лайықтанған отельдердің алатын үлес-салмағы бәрінен басым болып шықты. Мұндағы мейманхалар саны 410-ға жуық және олардың төрттен бірі бес жұлдызды болып табылады.

Басылым елдің туристік индустриясы қазір бұрын-соңды болмаған ауыр дағдарысты бастан кешіп жатқанын жазады. Мұның себебін газет Ресеймен арадағы қарым-қатынастың бұзылуымен қатар, Анадолы жеріндегі тыныштықтың бұзылғанынан іздестіреді. Сондықтан тақырға отыра бастаған отельдер қожайындары амалсыз олардан сатып құтылуды көздеп отыр.

«Көптеген отельдердің егелері кезінде көптеп қарыз алған, бірақ кейін жағдайдың күрт нашарлап кетуіне байланысты төлемдерін қайтара алмайтын болды. Бұған қоса, Ресей Федерациясымен арадағы дағдарыс көптеген отельерлерді өз меншіктерін сатуға мәжбүр етті», – деп атап көрсетті риелтор Исмаил Озер.
 
нравится:    759
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии