19 Август
13:23
Астана: 19 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
18 мамыр 16:10
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Түркияда жасанды қырғыз құжаттармен шекара аспақ болған 98 қытайлық азамат ұсталды


Ыстамбұлда (Түркия) Үрімжіден (ҚХР) Джиддаға (Сауд Арабиясы) бет алған шекарашыларға қырғызстандық төлқұжат ұсынған ұлты ұйғыр ҚХР-дың 98 азаматының ұсталу фактісі бойынша Қырғызстанда шу шықты.
Түрік БАҚ деректеріне сәйкес қытай азаматтары Ыстамбұл  әуежайынан Солтүстік Кипрға дейін рейске билет алған. Транзиттік залда төлқұжатын тексеру кезінде төрт белгісіз азамат Қырғызстан азаматының жалған төлқұжатын ұсынған. Олардың әрқайсысы билетке 2500 еуро, 300 доллардан төлеген.
Қырқызстанның «Ата Мекен» фракциясынан Жогорку Кенешінің депутаты  Алмамбет Шыкмаматов бүгін өткен парламент отырысында қырғыз төлқұжаттарын шетелдіктерге сату халықаралық криминалдық бизнеске айналып бара жатқанын мәлімдеді. Осы оқиға жөнінде Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Мемлекеттік тіркеу қызметінің бірінші басшыларын тыңдауды ұсынды.
 «ҚХР-дың 98 азаматы Ыстамбұл әуежайында жалған қырғыз төлқұжатымен ұсталды. Бұл аса ірі төтенше оқиға. Бұрын 1-2 жағдай кездессе, осы жолы 98-ге жеткен. Бұл кәнігі халықаралық криминалдық бизнес. Бұл біздің азаматтар үшін, ел қауіпсіздігі үшін үлкен қауіп», - деді ол.
Бүгін түске дейін Мемлекеттік тіркеу қызметінің төрағасы Тайырбек Сарпашев жедел мәжіліс өткізді. Барысында түрік тарапының дипломатиялық арналарынан төлқұжат деректерін (серия, нөмір) сұрату шешімі қабылданды.
 
 
нравится:    820
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии