15 Декабрь
14:14
Астана: -12 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Әлем жаңалықтары
7 тамыз 15:55
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Түркиядағы жол апатында Қазақстан азаматы Аида Сарабаева қайтыс болды
Түркиядағы жол апатында Қазақстан азаматы Аида Сарабаева қайтыс болды.  Бұл туралы марқұмның ата-анасы хабарлады деп жазады 24.kz.



Естеріңізге салайық, кеше Түркияда Памуккаледен шыққан көлік Денизли қаласының маңында аударылып қалған болатын. Туристік автобуста Қазақстанның 7 азаматы болған еді. Олардың алтауы Денизли қаласының ауруханаларына жеткізілді. 19 жастағы Аида Сарабаеваға іздестіру жарияланған еді.Бүгін Аида Сарабаеваның апаттан көз жұмғаны анықталды.

Ал апатқа ұшыраған туристік автобуста Қазақстанның әйелдер арасындағы бокс чемпионы Зарина Цолоева да болғанын хабарлағанбыз.

Алайда спортшы жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен жоқ. Қазір ол аман-есен, үйіне қайтып келеді.

Бұл ақпаратты оның бапкері Александр Высоцкий де растады.
нравится:    895
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии