19 Ноябрь
18:05
Астана: -1 °C
Алматы: -1 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Мәдениет
21 қазан 11:09
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«TURKVIZYON-2015» ҰЛТТЫҚ ІРІКТЕУІ БАСТАЛДЫ

2015 жылдың 6 қараша күні, Астанада, Бейбітшілік және Келісім сарайында Үшінші Халықаралық «Turkvizyon-2015» ән байқауының Ұлттық іріктеуінің финалы өтеді.

25 қазанға дейін Қазақстандағы www.turkvizyon.kz ресми сайтына қатысам деуші өнерпаздар өз өтініштерін жібере алады. Қазақстандық танымал өнер майталмандары мен шоу-бизнес өкілдері қазылық етіп, Стамбул қаласында өтетін халықаралық «Tukvizyon-2015» ән байқауының финалында өнер көрсететін  үздік әнді  анықтайды. Байқау талаптарына сәйкес орындайтын ән, бұрын Түркі халықтарының тілінде еш  жерде орындалмаған жаңа ән болуы керек.

2015 жылы ұйымдастырушылар байқаудан жаңа хит әндер мен жаңалықтар күтеді. 6 қараша күні, Астанада,  «Хабар» телеарнасынан тікелей эфирде Turkvizyon-2015 ән байқауының Ұлттық ірітеуінің жеңімпазы анықталады. Халықаралық дәрежедегі ән байқауының Гранд-финалы Түркияның Стамбул қаласында өтеді.

Дереккөзі: baistars.kz
нравится:    649
Теги: Музыка,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии