|    |  
24 ақпан 2020
03:00
қаз
Түрлі жәндіктер үйіңізге қалай келеді?
04 қыркүйек 2018, 14:41 89

Зиянкестерден арылудың бірден-бір жолы – олардың пайда болуына жол бермеу. Үйіңіздегі ерекше орындар мен жерлер олардың сізге қонаққа келуіне түрткі болады, соны бағамдап көрелік.

1. Кір ыдыс. Паразиттер туралы ұмыту үшін бірінші кезекте кір ыдысты жуу керек. Жалқауланып, ертеңгі күнге раковинада кір ыдысты қалдырмаңыз. Тағамдардың қалдықтары шыбын-шіркейді өзіне елітетіні белгілі.

2. Ылғалдылық. Ылғалдың болуы түрлі зиянкес жәндіктерді өзіне тартады. Желдеткіштен ағып тұрған тамшы су мәселен ақ құмырсқа мен соналарды шақырады. Су науалары мен мұржалар масалардың жиналатын жері. Краннан аққан су кеміргіштерді жинайды. Не істеу қажет? Техникалық қызмет көрсетуді, тазалауды жиі жасаған дұрыс, судың ағуына, тамшылауына жол бермеу керек.

3. Жылылық. Далада суық болған кезде көптеген қоңыздар жылы пана іздейді және дәл сол пана сіздің үйіңіз болуы әбден мүмкін. Қандала, қызыл қоңыз және өзге де жәндіктер қыстан аман шығу үшін жылы жерді паналайды, ал бұған сіздің үйіңіз жарайтыны анық.

4. Құс жемі. Жәндіктер оны құстан бетер жақсы көреді. Құстарға жем сатып лаамын деп, жәндіктердің дернәсілімен уланған дүниені сатып алуыңыз мүмкін. Бұл болмас үшін қаптаманы жақсылап тұрып қарап алыңыз және оны аузы жақсы жабылатын пластик ыдыста сақтаңыз. 

5. Төгілген тамақ. Зиянкестер бұған өте үйір келеді. Ас үйдегі тамақтың қалдығы қоңыздар мен құмырсқаларға нағыз мереке. Олардың келуіне жол бермес үшін шаңсорғышпен үнемі сорып алып, тоңазытқыш, плита және қысқа толқынды пеш астындағы қоқымдарды жинап алып отырыңыз.

6. Суағар. Су ағатын мұржа қасындағы сабын мен шаш шыбындардың жиналатын жері. Тазаланбаған суағарда олардың көбеюіне жол ашатын шырыш қабат түзеледі.

7. Қоқыс. Қоқыстың иісі адамға жағымсыз, алайда зиянкестердің ол да сүйікті иісі. Қоқыстың аузы дұрыс жабылғанына және дұрыс қапталғанына көз жеткізіңіз.

8. Қағаз. Жиналып қалған құттықтау хаттары, ескі хаттар мен газеттер қоңыздарды өзіне «мен мұндалап» шақырып тұрады. Мұндай жағдай орын алмас үшін бұл дүниелерді арнайы папкаларда сақтаңыз, ал қоқыстарды көзді жұмып, қоқыс жәшігіне тастаңыз.

9. Тұралап қалған ауа. Желдеткіштер паразиттердің пайда болуына жол бермейді. Мәселен, шыбындар қозғалмайтын ауаны ұнатады, ал желдеткіш ол ұнамды ортаны бұзып жіберетіні белгілі.

10. Тазалықтың болмауы. Зиянкестерден құтылудың бір жолы - үйді таза ұстау. Егер тазалық болса, жәндіктердің үйіңізге келуі екіталай.

11. Бұзылған жемістер. Жемістер салынған үстел үстіндегі ыдыс өте тартымды көрінеді, алайда бір бұзылған жеміс өзіне жәндіктерді шақырып, ол әдемілікті жояды. Тағамды ашық қалдырмаңыз, оларды дереу пластик ыдысқа не тоңазытқышқа салып қойыңыз.

12. Тәтті сусындар. Коктейльдер, шарап, сыра шыбын мен көбелек секілді жәндіктер үшін өте жақсы дүниелер. Мәселен сона мен құмырсқалар қант пен балды жақсы көреді. Тәтті тағамдарды жақсы жабылатын ыдыстарда сақтау олардың пайда болуына жол бермейтінін естен шығармаңыз.

13. Жарықтар мен тесіктер. Зиянкестер әрдайым сіздің үйіңізге ену үшін жайлы орындарды іздейді. Сондықтан да тесік не ашық жерлердің көбісін бітеген дұрыс.

Дереккөз: Flytothesky.ru


Жаңалықтар