19 Ноябрь
07:01
Астана: -5 °C
Алматы: 3 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Әлем жаңалықтары
13 маусым 15:18
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Түрмеде мейрамхана ашылды

Италия түрмесінде дәмді тағамдар дайындайтын ресторан ашылды. Бұл туралы Kedem ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.
InGalera («Каторгада») деген атау берілген қоғамдық тамақтандыру мекемесі өзінің осы атын толық ақтайды. Мұның мәні – ресторанның барлық жұмыстары түрмеде жазаларын өтеп жатқандардың иықтарына ілінген. Түрме басшылығы мұның қамауда отырғандардың қоғаммен қарым-қатынасын орнықтырып, өздерін дұрыс жолға салып жіберу үшін жасалып отырғанын айтады.
Ресторан негізінен сырттан келетін адамдарға қызмет көрсетеді. Ғимараттың сыртқы жағында терезелері тормен қапталған. Ал зал минимализм стилінде жабдықталған. Келушілер қарақат соусына бұқтырылған жабайы құс еттеріне және өте жақсы шараптарға тапсырыс бере алады.
Ресторандағы тамақтың орта бағасы 12 еуро тұрады. Ал ресторанда жұмыс істейтін тұтқындар өздерінің шеберлік деңгейлеріне қарай айына 600-ден 1200 еуроға дейін жалақы алады. Мұндағы жұмыстарға тек түрмеде өзін жақсы жағынан көрсеткендер ғана алынады деседі.
нравится:    823
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии