|    |  
19 қазан 2019
14:21
қаз
​Түрмеден қашқан жігіт 17 жыл үңгірде жасырынған
01 қазан 2019, 11:16 161
Қытайда түрмеден қашып кеткен ер адам 17 жыл бойы үңгірде тығылып күн кешкен.
 



 
Сун Цзян өзі бұрын полиция қызметкері болып жұмыс істеген. Әйелдер мен балалар саудасы үшін сотталған. Бірақ 2002 жылы абақтыдан қашып кетіп, өзінің туған қаласына жақын жердегі тауда, үңгірде өмір сүрген.
 
Қашқын ұшқышсыз басқарылатын аппараттардың көмегімен табылған. Аппаратқа үңгір үстіндегі көк шатыр мен жақын маңдағы қоқыс түсіп қалған. Қашқын үңгірде ұсталған. Бірақ ол ұзақ уақыт оқшау өмір сүргендіктен полиция қызметкерлерімен әрең сөйлескен. Нәтижесінде оны қайтадан түрмеге жіберген.
 
Дереккөз: КорреспонденТ


Жаңалықтар