23 Июль
23:15
Астана: 11 °C
Алматы: 22 °C
USD/KZT: 345.68
EUR/KZT: 404.45
RUB/KZT: 5.48
CNY/KZT: 50.91
Әлем жаңалықтары
2 шілде 16:34
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Түрмеден тікұшақпен қашып кеткен қылмыскерді 2900 полицей іздеп жатыр
Францияда 2900 полицей түрмеден тікұшақпен қашып кеткен қылмыскерді іздеп жатыр.



Жексенбі күні 11:20 шамасында Калашников автоматымен қаруланған  үш ер адам қылмыскерге қашуға көмектескен.
 
Бұл операция бар жоғы бірнеше минутқа созылған. Қылмыскердің сыбайластары тікұшақтың ұшқышын кепілге алған. Тікұшақ түрменің ауласына қонған. Қылмыскерлер түтіндететін заттарды қолданып,жылдам екі ағашты және дәлізге кіргізетін екі қақпаны кескен.

Кейін қылмыскерлер мінген тікұшақ түрмеден 60 км жерге қонып, ұшқышты қоя берген. Содан кейін автокөлікке мініп кеткен. Ол автокөлік кейін сауда орталығының тұрағынан өртенген күйінде табылған. Қылмыскерлердің қайда кеткені белгісіз. Қазір іздестіру жүргізіліп жатыр.

Дереккөз: Сегодня
нравится:    145
Теги: Главная, Қылмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Читайте также:

Комментарии