|    |  
14 желтоқсан 2018
17:16
қаз
Тұрмыстық техниканың қызмет ету мерзімін қалай ұзартуға болады?
18 маусым, 15:31 85
Қазіргі заманғы отбасының тұрмысын кір жуатын машинасыз елестету мүмкін емес. Дегенмен, салғырт қараған жағдайда ол тез арада-ақ істен шығуы мүмкін. Біз оның неліктен орын алатындығын айтып қана қоймай, бұзылуға жол бермеу үшін не істеу керектігіне кеңес береміз.



№1 СЕБЕП. СҮЗГІНІҢ БІТЕЛУІ

Кір жуатын машинаның бұзылуына түрткі болатын ең көп таралған себептердің бірі – оған бөгде заттардың түсуі. Сүзгі бітеліп қалған жағдайда бағдарлама жүрісінен жаңылып, кір жуу процесі дәл ортасына келгенде тұрып қалуы немес мүлдем іске қосылмауы ықтимал.

Не істеу керек: кір жуатын машина барабанына киімді салалар алдында барлық қалтасын тексеріңіз. Барлық түйелері берік тігілгеніне, киімнен жіптердің салбырап тұрмағындығына көз жеткізіңіз. Киімді сатып алғаннан кейін бірден затбелгілерін кесіп тастаңыз. Мамықтан жасалған сыртқы киімдер мен түкті киімдерді арнайы қапта жуыңыз. Сонымен қатар дер уақытында сүзгіні тазалап отыруды естен шығармаңыз.

№2 СЕБЕП. ЖЫЛЫТУ ЭЛЕМЕНТІНІҢ КҮЮІ

Кір жуатын машинаның жылыту элементі үнемі жұмыс үстінде болады. Автоматты кір жуу машинасына арналмаған агрессивті химиялық заттарды  - кір жуатын ұнтақтар мен сұйықтықтарды пайдалану барысында ол күйіп кетуі мүмкін. Мұны бірден байқауға болады. Машина киімдерді сулағаннан кейін бірден цикл ортасында тоқтап қалады немесе суды мүлдем ысытпайды.

Не істеу керек: Кір жуу үшін  «Автомат» белгісі бар құралдарды ғана пайдаланыңыз. Қолмен жууға арналған кір жуғыш ұнтақта қатты көпіршіктендіретін заттар бар. Олар техниканың бұзылуына алып келуі мүмкін. Кір жуу құралдарын пайдалану барысында шығарушының нұсқаулығына мұқият болыңыз. Кір жуатын машинаны химиямен жүктемесін арттырып жібермеңіз, көп – жақсы дегенді білдірмейді.

№3 СЕБЕП. КЕРМЕК СУ

Өкінішке орай, қалалық пәтерлерде ағатын судың бұлақ суынан айырмашылығы жер мен көктей. Онда темір, магний және кальций тұзы өте көп. Өзіңізде мұны кран мен шәйнек түбіне шөгіп, кетіру қиындық тудыратын қақтан-ақ байқап үлгерген шығарсыз.
Дәл осындай қақтың жылыту бұранда сымына жиналып қалатынын елестетіп көріңіз. Ерте ме кеш пе бұл жылыту бұранды сымының күюіне алып келеді.

Не істеу керек: кір жуатын ұнтақты таңдау барысында суға арналған құрамында жұмсартқышы бар құралға назар аударыңыз немесе оларды бөлек еліктірер күші сатып алып, кір жуу барысында қолданыңыз.

№4 СЕБЕП. ҚАЙТА ЖҮКТЕУ

Қаншалықты көп болса да жуатын киімді барабанға толғанша аузы-мұрнына шығарып еш уақытта толтырмаңыз. Тұрмыстық техниканы шығарушылар машинаның нұсқаулығында кір жууға рұқсат етілген ең жоғарғы салмақты тегіннен-тегін көрсетіп қоймайды. Суланған киімге лық тылы барабан толық айналымда шайқалған кезде подшипниктерді бүлдіреді. Мұндай жүктемеден кейін белдігі үзіліп не болмаса қозғалтқышы істен шығуы мүмкін. ал бұл өте күрделі жағдай.

Не істеу керек: Тіпті төсек жабындысының бір жиынтығының  өзі бірден кір жууға өте үлкен жүктеме болуы ықтимал. Ең дұрысы, екіге бөліп жуу керек. су мен электр энергиясының қосымша шығындысы жаңа техниканы сатып алуға жұмсалатын шығынмен салыстыруға да келмейді.

№5 СЕБЕП. КЕРНЕУДІҢ ТЕРБЕЛІСІ

Іс жүзінде техника кернеудің тербесіне шыдамды болуы тиіс. Дегенмен, кір жуатын машина әлі күнге дейін одан толықтай қорғалмаған. Осындай бірнеше кернеу тербелісінен кейін кір жуатын машинаны ауыстыруға тура келеді.

Не істеу керек: Егер үйіңізде ток кернеуі үнемі тербелісте болатын болса, онда кір жуатын машина үшін жеке тұрақтандырғыш орнатып алыңыз. Сол арқылы сіз пәтеріңізде жарық өшіп қалған кезде жаңа техника сатып алмайтындығыңызға сенімді боласыз.

Дереккөз: www.goodhouse.ru


Жаңалықтар