|    |  
16 желтоқсан 2019
17:33
қаз
Тұрсын Алагөзовтің ұлы әкесін үйінен неге қуып шыққалы жүргенін түсіндірді
27 наурыз 2018, 09:51 47
Біраз уақыт бұрын БАҚ беттерінде Тұрсынғали Алагөзовтің ұлы Әрсен Алагөзовтің әкесін тұрып жатқан үйінен шығару туралы сотқа шағым түсіргені туралы ақпарат тараған болатын. Кейін оған әкесі де жауап берген еді. Енді Әрсен әкесін не себепті үйінен қуып шыққалы жүргенін түсіндіруді жөн көріпті. Бұл туралы Nur.kz жазады.


 
«Әке, сен өзіңнің @tursen_alaguzov аккаунтыңда маған жауап жаздың. Не үшін? Сен менің ұстанымым мен құндылығымды жақсы білесің. Екі жыл бойы мен үнсіздік сақтадым. Айтарым жоқ болғандықтанм емес, отбасымның сырын сыртқа шығармау үшін.
 
Біз – мен, Әмина және біздің анамыз сені жаңа өміріңе жібердік. Сенің бізбен араласқың келетіні туралы талпыныстарыңды БАҚ пен әлеуметтік желілерден естіп жатырмыз. Бірақ сен кеткеннен кейін шешілмеген көп мәселені қалдырдың. Орындалмаған уәделер қалдырдың. Осы уақыт бойы оның бәрін біздің шешуімізге тура келді.
 
Бірқатар шешілмеген шаруалар мемлекеттік органдарға жүгінуді талап етеді. 2017 жылдың қазан айында саған бөліп төлейтін несиеге алынған, сатып алғанға дейін жалдауда тұрған пәтерде (… Esentai) тұрып жатқаның туралы құжаттар жіберілді. Орын алған жағдайларға байланысты пәтерді құрылыс компаниясына қайтарып, 2017 жылғы қарашадан бастап баспананы жалға алу келісімшартын бұзу туралы шешім қабылданды. Сен пәтерді босатпағандықтан менің әлі күнге жалға алу қызметтерін төлеуіме және мәжбүрлі түрде пәтерден шығару туралы арызбен сотқа жүгінуіме тура келеді.
 
Әке, кейде бірнәрсені түсіну үшін санаулы күн қажет болады. Мен жағдайды 2016 жылдың жазында түсіндім және өз таңдауымды жасадым. Енді сенің өз өмірің, менің өз өмірім бар»-дейді Әрсен Алагөзов.
 
Ол сондай-ақ қазақстандықтарға да мәлімдеме жасаған. «Менің де ұстанымым әпкем Әминаның ұстанымындай. Отбасылық мәселелер үйдің қабырғасынан әрі аспауы керек. Ұл әрі бауыр ретінде анам  мен әпкемді қорғауға тырысып жүрмін. Отбасымызға БАҚ назарын аударғымыз келмейді. Сол себепті әлеуметтік желідегі парақшаларымыз жабық. Журналистердің барлық сұрақтары мен сұхбат беру туралы ұсыныстарынан бас тартып келеміз»-дейді ол.
  
Дереккөз: Nur.kz
 


Жаңалықтар