16 Декабрь
22:43
Астана: -17 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
19 қараша 10:57
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Тұрсынғали Алагөзов екі бірдей қылмыстық іс жасады деген күдікке ілінді
Атақты продюсер Баян Есентаеваның күйеу жігіті Тұрсынғали Алагөзов екі қылмыстық іс бойынша күдікке ілінді. ҰҚК шекара қызметіндегілер Алагөзовтің екі төлқұжаты бар болып шыққанын мәлімдеді деп жазады "Время" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.



Белгілі болғандай, бұл туралы кезінде Алагөзовтің өзі басқарған Galanz bottlers акционерлік қоғамының қызметкерлері хабарлаған.

Төлқұжат туралы ақпаратты бірінші болып оның компаниясына белгісіз еріктілер жіберіпті.

Тұрсынғали Алагөзовтің өзі болса жауап алу кезінде барлық тағылған айыптарды жоққа шығарып, төлқұжаттарды бірінші рет көріп тұрғанын айтқан. 

Аталмыш іс 15 тамызға дейін ашылған. Тергеу барысында құжаттардың қолдан жасалғанын дәлелдеген криминалисттік-техникалық сараптама жүргізілді.

Сондай-ақ полицейлер төлқұжаттың шынайы иесін тауып алған. Алайда, оның құжаттары өзінде болып шықты. Қазір шекарашылар табылған төлқұжаттың кімге тиесілі екенін анықтау үстінде.

Ал екінші қылмыстық іс 19 қазан күні басталған. Сол уақытта жанына бірнеше жігіт ертіп алған Алагөзов Galanz bottlers зауытына кіріп, кассаны алып кетпек болыпты. 


 
нравится:    664
Теги: Главная, Қылмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии