22 Август
03:49
Астана: 9 °C
Алматы: 10 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Мәдениет
21 маусым 11:13
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Тұрым Алагөзов: Бір сөзді дұрыс жаза алмайтын сауатсыздар менің балаларымды сөгеді
Танымал продюсер Баян Мақсатқызының таңдауы түскен сүйіктісі Тұрсынғалидың әкесі, сазгер, дирижер Тұрым Алагөзов  кеше болашақ келінінің жақында жарық көретін кітабына қатысты пірікін білдіріп, авторды жоғары бағалаған еді. Ал бүгін ұлы мен келінін қорғап, оларға қатысты ойын желідегі парақшасына жазыпты.


 
«Құдай: Адамды тыңдама, ол кінәлі, тек Мені тыңда» дейді. Қасиетті кітаптардан қаншама керемет сөздер оқуға болады... Мен бұған дейін де жазғанмын, менің балаларым ол менің балаларым. Олардан тек Құдай ғана есеп алады. Және өз оның да өз уақыты бар. Ал мен тек қуана аламын немесе ренжимін. Тіпті, әкесі бола тұра мен оларды сөге алмаймын. Менің балаларымды талқыға салып жатқандар осыны қашан түсінеді екен? Не қазақша, не орысша бір сөзді дұрыс жаза алмайтын сауатсыздар менің балаларымды сөгеді. Ауыздарынан боқауыздан басқа бір дұрыс сөз шықпайды. Оларды балаларын тастап кетті деп кім айтты? Тұрсынғалидың екі баласы (қызы 27-де, ұлы 21-де) аналарымен бірге қалды. Ауданы 1000 квадрат метр болатын үйде тұрады. Әрқайсының жеке автокөлігі және өмір бойы жұмыс істемесе де ғұмырларына жететін қаражаты бар. Баянның балалары қасында, ештеңеден тарықпайды. Мен мұны жазайын деп жазған жоқпын. Бірақ мен 20-да не болмаса 40-та емеспін. Балаларымды мен қорғамасам басқа кім қорғайды. Мен олардан басымды ала қашпаймын. Бұл жазбам өз күнәсін көрмей, өзгенің күнәсін көп көретіндерге арналады. Олар өз балалары мен немерелерінің қызығы үшін өмір сүріп, жақсы атын, сарайлар мен көліктерін қалдырсын. Менің балаларым мұны 40 жасында жасаған. Менің балаларым туралы бар шындықты, көпке бұйыра бермейтін (онда Жібек те, Ләйлә дағ Зухра да, Джульетта да болмас еді) Махаббаттары туралы бар шындықты білгісі келетіндер Баянның жақында жарық көретін кітабын оқысын»-дейді дирижер.
 

Кудай айтады : ~ адамды тындама, ол кiнэлi ,тек Менi тында !!!! Сколько прекрасных слов можно прочитать в священных книгах...и что ? Я уже писал , что мои дети ~это Мои дети ! Судить их может только Бог ! И это будет в свое время. А я могу только радоваться или огорчаться . Даже я , отец , не могу их судить.... Когда это поймут те , которые обсуждают моих детей ? Безграммотные , ни одного слова не могут написать првильно ни по ~ казахски , ни по ~русски , однако , обсуждают дела Моих детей ! Богауздан баска ,ауызынан бiр дурус соз шыкпайды ! На Востоке говорят : ~из грязного источника не идет чистая вода ! Кто сказал , что они " оставили "своих детей ? Двое детей Турсынгали ( дочери 27 лет, сыну 21 ) остались жить с матерью в 2 ~х хоромах общей площ.около 1000 кв.м.. ,у каждого шикарные а /м и со средствами , на которые они могут жить , не работая ,вообще , всю жизнь. Дети Баяна живут при ней и они ни в чем не нуждаются...Я не собирался писать об этом , но мне не 20 и даже 40 лет и арба моей жизни идет сама под гору и кто еще защитит Моих детей от врагов и недоброжелателей, если не я ? Я не собираюсь убегать от них , как страус , засунув голову в песок. Считайте этот пост , Посланием к тем , кто не видит бревно Своих Грехов под своими ногами , но научились видеть Соринку в глазах других. Пусть они живут долго и счастливо на радость своим детям и внукам , оставив им после своей жизни доброе Имя , дворцы и машины , как мои дети в 40 лет !!!P.S. Кто хочет знать всю правду о моих детях , о их Любви , которая не ко всем приходит ( тогда бы не было ни Жiбек , ни Лейлы , ни Зухры , ни Джульетты и тд.) прочтите книгу Баян , которая скоро выйдет на прилавки книжных магазинов нашей страны и ближнего зарубежья .

Публикация от Turum Alaguzov (@turumalaguzov)

---
нравится:    15941
Теги: Жұлдыздар әлемі, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии