20 Апрель
05:29
Астана: -3 °C
Алматы: 4 °C
USD/KZT: 325.79
EUR/KZT: 402.94
RUB/KZT: 5.33
CNY/KZT: 51.90
Мәдениет
6 сәуір 10:37
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Түс жору мәдениеті: Бүгін қандай түс көрдіңіз?
*Түсте биікке немесе тауға шығу – жақсы: ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.
*Егер кісі түсінде биікке шығатын болса, онда ол өңінде үлкен дәрежеге қол жеткізеді. Егер ол биіктен құлар болса, онда ол өңінде қапалы болады.



*Түсте жақсы көйлек кию кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді.
*Егер кісі түсінде өзінің өліп қалғанын көрсе, онда өңінде ұзақ жасайды.
*Егер кісі түсінде әйелдің қойнында жатса, онда өңінде оның дәулеті артады.
*Егер кісі түсінде тыржалаңаш жүрсе, онда ол өңінде барлық қайғы – мұқтажынан арылады.
*Егер кісі түсінде басына тәж кисе, онда ол өңінде байлыққа ие болады.
*Түсте сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау – бақытты болудың нышаны.
*Түсте жылау – өңдегі қуаныш.
*Түсте аспанда тұрған айды көру – өте жақсы. Мұндай түс көрген кісі мұратына жетеді.
*Түсінде күнді көрген кісінің мерейі өңінде дұшпандарынан үстем болып, дәулеті тасиды.
*Түсте жұлдыздарды көру де жақсы. Ондай түс көрген кісінің балаларының дәрежесі жоғары болады.
*Түсінде інжу мен маржан көрген кісінің үйінен байлық үзілмейді.
*Түсте көрген өзеннің суы мөлдір болса, онда бұл – өте жақсы. Егер оның суы лай және ащы болса, онда ол жақсы емес. Ондай адам бір сәтсіздікке ұшырайды.
*Егер кісі түсінде таза суға сүңгитін болса, онда ол өңінде ақталып, ел қатарына қосылады. Егер кісі лай суға түсетін болса, онда ол өңінде қайғылы күйге душар болады.
*Түсінде өзен көрген кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді. Егер адам түсінде өзеннен су ішер болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді, құрметке ие болады.
*Егер кісі түсінде қасиетті құдықтан зәм – зәм суын ішсе, онда ол өңінде барлық күнәдан тазарады.
*Егер кісі түсінде өзеннен су ішсе, патша болады.
*Егер кісі түсінде құдықтан, арықтан немесе көлден су ішсе, онда ол өңінде әкім болады.
*Егер кісі түсінде суда жүзіп ойнап жүрсе, онда ол өңінде әкім болады.
*Түсте суда жүзу және оны кешу – жақсы нышан, тек кісінің басы судан жоғары болуы қажет.
*Түсте баққа кіріп, оны аралау – жақсылықтың белгісі.
*Егер кісі түсінде баққа баратын болса, онда ол өңінде байлықты иеленеді.
*Егер кісі түсінде бақ пен дала гүлдерін көрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.
*Егер кісі түсінде қызыл гүл көрсе, онда өңінде бай болады.
*Егер кісі түсінде өзіне беймәлім бақта қыдырып жүрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.
*Түсте аяқтың семіп қалуы өңде саяхатқа шығудың белгісін танытады.
*Түсінде бал арасын қуып жүрген кісі өңінде пайдаға жолығады.
*Түсте өлген кісіні көрудің зиян жоқ. Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол шындықты айтады.
*Егер кісіге түсінде өлген адам бірдеңе беретін болса, ондай ол өңінде ойда жоқта бірдеңе алады.
*Егер кісі түсінде одан өлген адамдар бірдеңе сұраса, ол өңінде шығынға ұшырайды.
*Егер кісі өлген адамды түсінде жақсы киімде көретін болса, онда бұл – жақсы. Егер кісі өлген адамды түсінде жаман киімде көретін болса, онда бұл жақсы емес.
*Түсте суда жүзіп жүрген балықты көру жақсы. Ондай түс көрген адам өңінде перзент сүйеді.
*Егер кісі түсінде өзінің ұйықтап жатқанын көрсе, онда өңінде жақсы табысқа жетеді.
*Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.
*Егер кісі түсінде аспанға көтерілсе, онда өңінде әкім болады.
*Егер кісі түсінде жаңбыр жауғанын көрсе, онда ол өңінде табысқа кенеледі.
*Егер кісі түсінде салқын жел есіп тұрса, онда ол өңінде жақсы да жайлық тұрмыс кешеді.
*Егер кісі түсінде үйіне түскен ұрыны көрсе, онда ол өңінде табыс табады.
*Егер кісі түсінде шашын алдыратын болса, онда ол өңінде кедейленеді. Егер кісінің түсінде шашы өсіп кететін болса, онда ол өңінде байиды.
*Түсте үйленген жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде күміс ақша санайтын болса, онда ол өңінде байиды.
*Егер кісі түсінде алтын көретін болса, онда оған өңінде үлкен әкімдер шапағатын тигізеді.
*Егер кісі түсінде бақыр ақша санайтын болса, онда ол өңінде дұшпанының даттау сөзін естиді.
*Ерде кісі қыстыкүні түсінде жасыл жайлауды көретін болса, онда оған құдайдың мерейі түседі. Егер кісі жаздыкүні түсінде қар көретін болса, онда ол құдайдың қаһарына ұшырайды.
*Түстегі жағымсыз иіс – өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді.
*Түсте қол жуу – өңдегі мазасыздықтан арылу.
*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.
*Түсінде көпірден өткен кісі өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді.
*Егер кісі түсінде Нұх пайғамбарды оның жайдары қалпында көрсе, онда ол өңінде ұзақ та дәулетті ғұмыр кешеді.
*Егер кісі түсінде ағаш тасып жүретін болса, онда ол өңінде байлыққа кезігеді.
*Егер кісі түсінде әлдекімді ұрып – соқса, онда дұшпанын мұқатады.
*Түсте семсер немесе мылтық көру (ұстау) кісінің өңінде табыс тауып, дәулеті таситынын білдіреді.
*Түсте біреуді сабау өңде дұшпандардан үстем болып шығумен пара – пар. Ал, егер де кісі түсінде әлдебіреулерді өлтіретін болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді.
*Түсінде біреуден таяқ жеген немесе таяқтан өліп қалған жақсы емес. Ондай жағдайда құрбандық беруге тура келеді.
*Егер кісі түсінде Меккеге барса, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде Мұхаммед пайғамбардың қабіріне мінәжат етсе, онда оның өңінде дәрежесі өседі.
*Егер кісі түсінде азан айтып, намаз немесе құран оқыса, онда өңінде оның дәрежесі өседі.
*Егер кісі түсінде емен ағашын көрсе, онда ол өңінде өзінің сүйікті адамынан хабар алады.
*Егер кісі түсінде қарағайды көрсе, өңінде сүйіктісімен табысады.
*Егер кісі түсінде қайыңды көрсе, онда ол өңінде табысты болады.
*Егер кісі түсінде түтінсіз от көрсе, онда ол өңінде байиды.
*Егер кісі түсінде қарақошқыл түтін аралас от көрсе, онда бұл жақсы емес.
*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру – жақсы нышан.
*Түсте қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді – отты көру – жаман.
*Түсте тісін сындырып алу – өңде досын жоғалтып алу.
*Егер кісі түсінде бір қабырғасының алынып қалғанын көрсе, онда ол өңінде әйелінің өлгенін көреді.
*Егер кісінің түсінде күрек тісі сынатын бола, онда оның әйелі қатерге ұшырайды. Егер кісінің азу тісі сынса, онда оның балаларының бірі қатерге ұшырайды. Егер кісінің түсінде ең түпкі азу тісі сынатын болса, онда оның өзі бір қатерге кезігеді.

Дереккөзі: http://qazbrand.info 
нравится:    1247
Теги: Кино және ТВ, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии