24 Август
12:33
Астана: 25 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Кербез
3 желтоқсан 17:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Түскі асты өзіңізбен бірге алып жүруге үйреніңіз
Жұмысқа бұрыннан бері дәмді үй тағамын әкелгіңіз келіп жүр ме, бірақ кейінге қалдырып немесе не аларыңызды білмей жүрсіз бе? Біз сізге бірнеше пайдалы кеңес береміз!

Түскі асты жұмысқа алып келеміз

Өзіңізбен бірге түскі асты әкелуді бастау үшін бірнеше талассыз жақтары бар. Біріншіден, не жеп отырғаныңызды нақты біліп отырасыз. Екіншіден, ақшаны ғана емес, сонымен қатар уақытты да үнемдей аласыз. Кеңседе отырып, жылдам түстенгенде үзілісіңізді серуендеуге арнап немесе басқа да жанға жайлы істермен шұғылдана аласыз. 

Бірақ түскі асты дайындауға күш қалмаса, не істесе болады? Демалыс күндері бірден бірнеше күнге тамақ дайындап көріңіз. Осылайша ет, картоп немесе күріш тоңазытқышта әлдебір уақыт сақтала алады. Бірақ көкпен және жаңа піскен көкөніспен абай болу қажет – олар ұзақ сақталмайды. Сондықтан көкөніс салаттарын күнде жасауға тура келеді. 

Ланчқа дұрыс ыдысты таңдаңыз. Көптеген пластик қаптамалар микротолқынды пеште қыздыруға арналмаған. 

Бірнеше қарапайым рецепттер мен кеңестер:

Еттен, тауық етінен немесе албырттан бірнеше тағам түрін дайындаңыз. Суытып, сүзбенің, ірімшіктің, авокадоның және салат жапырақтарының жанына қойыңыз.
Пастаны, булгурды, кускусты немесе киноаны жейтін күнде дайындаңыз.
Ал ет тұздығын молынан дайындап қоюға болады. Оны бұршақпен немесе сәбізбен араластырып жеген жақсы.
Егер бәліш  пісіретін болсаңыз, бірден көптеп дайындамаларын жасап, біраз бөлігін мұздатып қойыңыз.
Брокколи, үрме бұршақ, сәбіз, қырыққабат және жүгері сияқты жасұнық көлемі көп көкөністерді таңдаңыз. Олардың құрамында сұйықтық аз, яғни, олар түскі асыңызға дейін тамаша сақталады.

Түскі асты пластик ыдыстан жемеген дұрыс, оны нағыз әдемі тәрелкеге салып, жеңіз. Түскі ас бірден тәбетті аша түседі!

Дереккөзі: https://kz.everydayme.com/
 
нравится:    879
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии