21 Август
10:28
Астана: 19 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Экономика
11 сәуір 17:27
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Түйіндемені қалай дұрыс жазу керек?
Көпшілік жағдайларда дарынды әрі, тәжірибелі жұмыс іздеушілер әңгімелесуге шақырылмай қалады. Мұның басты себептерінің бірі түйіндеменің дұрыс толтырылмауы болуы мүмкін. Сондықтан да түйіндемені  дұрыс жазу, онда тиісті мәліметтердің ғана қамтылуы қадағалау маңызды деп жазады АиФ.ru. Осы ретте сарапшылар түйіндеме жасауда көпшілік жіберетін негізгі 8 қателіктерді төмендегідей атап көрсеткен.





1.Түйіндемеге барлық еңбек жолыңды тізбелеп көрсетудің қажеттілігі шамалы.
Өйткені әлеуетті жұмыс беруші сіздің соңғы үш-төрт жыл ішіндегі немесе соңғы он жылдан көп емес уақыттағы жұмыс жетістіктеріңізге ғана баса назар аударады. Сондай-ақ жұмыс орнын жиі ауыстыру жағдайларын түйіндемеде көрсетпеуге тырысу керек. Бұл  көптеген жұмыс берушілердің көңілін күпті етеді.

2. Жұмыс істейтін салалармен байланысы жоқ еңбек өтілін көрсетпеңіз.
Тек өзіңіз қалаған позиция бойынша жұмыс тәжірибелерін көрсетсеңіз жеткілікті.

3. Бос жұмыс орнымен байланыс жоқ жетістіктер туралы айтпаңыз.

4. Жеке бизнесіңіз туралы абайлай  айтқан дұрыс, барынша ол туралы айтпаған жөн.

5.  Бұрынғы жұмыс орныңыздан не себепті кетіп қалғаныңыз туралы айтпауға тырысыңыз.
Ең дұрысы ол туралы әңгімелесуге шақырған кезде ғана түсінікті етіп айтқан дұрыс.

6. Түйіндемеде негізгі хоббиіңізді көрсетпеңіз. Ол жұмыс берушілерді онша қызықтыра қоймайды.

7. Түйіндемеге саяси көзқарас, наным-сенім және отбасы мүшелері туралы ақпараттарды қоспаңыз. Тәртіп бойынша жұмыс берушіге сіздің саяси көзқарастарыңыз пен наным-сенімдеріңіз маңызды рөл атқармайды.

8. Өзіңіздің физикалық параметрлеріңізді көрсетпеңіз. Мәселен, бойыңыз, салмағыңыз туралы. Бұл жұмыс берушілердің уақытын алатын бос әңгіме.
нравится:    1086
Теги: Бизнес, Главная, Тұлға,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии