|    |  
21 қараша 2019
18:20
қаз
Туыстары келіншектің мәйітін алты апта бойы үйінде жасырын ұстаған
30 қазан 2019, 15:00 104
Оқиға Америкада болған. 2018 жылдың 25 қыркүйегінде дәріхана қызметкерлері полицияға жапониялық ерлі-зайыптылардың медициналық спиртті шамадан тыс көп мөлшерде сатып алатыны туралы хабарлаған.


 
Полиция сол күні ерлі-зайыптылардың үйіне келген. Ол үйде 76 жастағы анасы мен 52 және 46 жастағы екі ұлы тұрған. Үйдегі бөлмелердің бірінен құқық қорғаушылар 49 жастағы қызының мәйітін тапқан. Марқұм талантты суретші болған. Оның мәйіті үйде алты апта жатқан.
 
Бұл факті бойынша іс қозғалып, сотқа жолданған. Сот 2 желтоқсанда өтпек. Отбасы мүшелері кепілмен босатылған. Олар енді өмір бойы бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.



Дереккөз: Lenta.ru


Жаңалықтар