23 Октябрь
11:59
Астана: 0 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Авто
15 тамыз 17:17
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Тыңшылар АҚШ президентінің жаңа лимузинін суретке түсіріп алды

 
Motor1 басылымына АҚШ президентінің жаңа лимузинінің тыңшылар түсірген суреті жеткен.  General Motors концерні Cadillac прототипін Мичигандағы сынақ алаңында тесттен өткізуде. Жаңа лимузинді де ауыр жүк көлігінің негізінде жасайды. Машинаның доңғалақтары үлкен, ал сыртқы нұсқасы «Кадиллактың» соңғы үлгілерінің стилінде болмақ.  
Бұл автокөлік АҚШ-тың жаңа президентін ұлықтау рәсіміне дейін дайын болуы керек. Күзде сайланатын президентті ұлықтау рәсімі 2017 жылдың 20-қаңтарында өтеді. Биылғы 8-қарашада өтетін президент сайлауына екі үміткер: Хиллари Клинтон мен Дональд Трамп түседі.
Ал қазіргі президенттің «Кадиллак» көлігі 2009 жылдан бері пайдаланылуда. Оны әлемдегі қорғанысы ең күшті машина деп атайды. Автокөлікте көптеген құпия технологиялар бар.

Дереккөз: forbes.kz
нравится:    837
Теги: Автожаңалықтар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии