22 Ноябрь
01:30
Астана: -13 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 330.29
EUR/KZT: 387.27
RUB/KZT: 5.56
CNY/KZT: 49.80
Әлем жаңалықтары
18 қазан 16:04
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Уақытыңызды тиімді пайдалана аласыз ба?
Адам өмірі уақытпен өлшенеді. Оны мағыналы түрде жұмсау - өмірдің сауатты әрі нақты мақсат үшін өткізуге түрткі болады. Ал сіз уақытты тиімді жұмсай аласыз ба?



Жауаптарыңызға қарай өзіңізге баға беріңіз: 0 – ешқашан, 1- кейде, 2 – жиі, 3 – үнемі. 

1. Жұмыс күнінің басында дайындық жүргіземін, яғни күнді алдын ала жоспарлауға уақыт бөлемін. 

2. Өз жұмысымның өзгеге сеніп тапсыруға болатын бөлігін үлестіріп отырамын.

3. Сол күнгі мақсат-міндеттерімді орындау мерзімін бірге жазамын. 

4. Әрбір ресми құжатпен жұмыс істегенде, оған қайтып оралмастай тиянақты орындауға тырысамын.

5. Күн сайын маңыздылығына қарай алда атқаратын істерімнің тізімін түземін. Оларды орындау кезінде ең маңыздысынан бастаймын.

6. Жұмыс күнімді жұмыстан тыс қоңыраулардан, жоспарға енбеген кездесулер мен жиналыстардан босатуға тырысамын.

7. Күндіз атқаратын жұмысты белсенділігіме қарай бөлемін. 

8. Өзекті мәселелерді қарастыру үшін, жоспарға міндетті түрде бос уақыт енгіземін.

9. Алдымен көкейкесті мәселелерді шешетіндей етіп белсенді сәттерімді соған қарай бағыттаймын.

10. Өзімнің маңызды істеріммен айналысу үшін, өзгелерге алаңдамай, өтініштерінен бас тарта аламын.

Нәтижесі: 

0-15 – Өз уақытыңызды жоспарламайсыз және сыртқы жағдайларға тәуелдісіз. Егер өзіңіз үшін маңыздылығына қарай алдыңызға мақсат қойып, соған орай жұмыс істесеңіз, дегеніңізге жетесіз. 

16-20 – Өз уақытыңыздың қожасы болуға тырысасыз, алайда жүйелі түрде жұмыс істемегендіктен, дегеніңізге жиі жете алмай жатасыз. 

21-25 – Көрсеткішіңіз жоғары. Демек, уақытыңызды дұрыс пайдалана білесіз. 

26-30 – Уақытын дұрыс пайдалануды қалайтын жандар сізден үлгі алуы тиіс.

"Психологиялық тесттер" топтамасынан
нравится:    71
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии