|    |  
26 наурыз 2019
09:25
қаз
ҰБТ алдындағы қорқынышы жеңу
27 қараша 2018, 09:27 3


ҰБТ алдында балалардан бұрын олардың әке-шешелері қатты әбіржиді. Себебі әрбір ата-ана өз баласына қорқынышты қалай жеңіп шығудың жолдарын іздестірумен мазасызданады. Оқушылардың ҰБТ алдындағы үрейі неден байқалады? 
Кез келген емтихан алдында болатын көпке танымал қорқыныш көрсеткіштері - оқушылар ұйықтамайды, уайымдайды, олардың тәбеті болмайды, тізелері қалтырайды, бастары ауырады, тамыр соғуы жиілейді, жүйке жүйесі бұзылады, артерия қысымы көтеріледі. 

Мұндай қорқыныштың себебін қарастырайық. 

[????] 1. Шамадан тыс жүктеменің болуы. 
[????] 2. Бала үлкен жауапкершіліктің бар екенін сезеді. 
[????] 3. Жүйке жүйесінің әлсіз болуы. 
[????] 4. Ауру салдарынан болған әлсіздік. 
[????] 5. Дәрменсіздік сезімі. 
[????] 6. Өз біліміне күмәндану. 
[????] 7. Тестілеудің маңыздылығын өте қатты қабылдау (көбінесе бұл өз балаларынан аса көп нәрсені күтетін әке-шешенің кінәсі) 
[????] 8. ҰБТ-дан төмен балл алса, ЖОО-ға түсе алмау, жақсы мамандық ала алмау деген сияқты уайымның болуы. 
  
Емтиханға қалай дұрыс дайындалуға болады? 

????- Туған-туыстардың ҰБТ тапсырушыға барынша қолғабыс көрсеткені абзал. 
????- Дайындықты ҰБТ тапсырудан 2-3 ай бұрын бастау қажет. Ең болмағанда, материалдарды қайталап тұрған дұрыс. 
????- Конспект дайындау керек. 
????- ҰБТ тапсырған аға-әпкелеріңізден кеңес сұраңыз. 
????- Емтиханға керекті материалдарды ғана оқыңыз. 
????- Шпаргалкаға уақыт жаратқанша, оқыған материалыңызды тағы да бірнеше рет қайталағаныңыз жөн. 
????- Үзіліс кездерінде сыртқа шығып, таза ауа жұтыңыз. 
????- Дұрыс тамақтануды ұмытпаңыз. 
????- Емтиханға тыныш жерде дайындалуға тырысыңыз - ҰБТ сынағының алдында 1 тәулік ештеңені ойламай демалыңыз. 
ҰБТ алдындағы қорқынышты әлі күнге дейін үлкен проблема десе де, болады. Балалардың психологиялық жағынан дұрыс дайындық алмағандарының әсерінен небір апаттар болып жатады. ҰБТ-дан оң нәтиже алу бірінші кезекте баланың моральдық дайындығына байланысты.

Дереккөзі: "ПТ" топтамасынан 


Жаңалықтар