25 Сентябрь
01:14
Астана: -4 °C
Алматы: 3 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Әлем жаңалықтары
3 маусым 09:47
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

ҰБТ нәтижесін үйде отырып қалай білуге болады?

2 маусым күні елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Осыған орай тест тапсыру орталықтарында сынақ аяқталғаннан кейін де нәтиженің жариялануын күтіп жүрген адамдарды көруге болады. Олар түлектердің нәтижелерін ҰБТ-ның ресми сайты арқылы үйде отырып-ақ оңай әрі жылдам білуге болатынынан бейхабар болса керек.
ҰБТ нәтижесін үйде отырып білу үшін интернет болса жеткілікті. Ол үшін  мына сілтеме арқылы өтіп, ЖСН нөмірі мен қатысушының емтихан алдында алған жеке кодын теру қажет.
Маусымның 2-сі мен 9-ы аралығында өтетін сынаққа қатысуға биыл мектеп бітіруші 121 мың баланың 87 мыңы ниет білдірген. Оның ішінде 63 мың мектеп бітіруші - қазақ тілінде, қалған 24 мыңға жуығы орыс тілінде білімін сынайды.
Айта кетейік, биыл қазақстандық түлектер ҰБТ-ны соңғы рет дәстүрлі жүйеде тапсырып жатыр. Тест 10 маусымға дейін созылады.
 
​ ҚазАқпарат 
нравится:    806
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии