17 Декабрь
12:16
Астана: -19 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
4 маусым 11:00
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

ҰБТ-ны сәтті тапсырған түлектер көше ортасында билеп берді (видео)


Астанада ҰБТ-ны сәтті тапсырған түлектер жолға шығып биледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Түлектердің жаяу жүргіншілерге арналған өткелде билегені түсірілген видеоны белгісіз біреу Интернетке 2 маусымда жүктеді. Бейнеролик "ҰБТ-ны алғашқы болып тапсырғандар))) Түлектердің қуанышы!!!" деген атаумен жүктелді.

ҰБТ-ны сәтті тапсырған олар Астанадағы Абай көшесі мен Республика даңғылының қиылысында өз эмоцияларына ерік берді. Видеодан екі жігіттің жүргізушілердің көзінше жүргіншілерге арналған жолда билеп тұрғандарын көруге болады. Осы сәтте жігіттердің қасына автомобиль келіп тоқтап, одан тағы екі бала атып шықты. Олар да жігіттерге қосылып хип-хоп стилінде билей бастады. Ең қызы, билеп жатқан екі түлектің бірі автомобиль келген кезде қаша жөнелді. Ол мұндай қолдауды күтпеген секілді.

 

Полицейлердің айтуынша, жүргіншілерге арналған жолды қауіпсіздік мақсатында пайдалану керек, ол жер билеуге арналмаған. Сондықтан да, көшенің ортасында билегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Еске сала кетейік, осыған дейін бір жігіттің ҰБТ тапсыру үшін "қызға айналғаны" хабарланған болатын.

 
нравится:    1298
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии