|    |  
25 сәуір 2019
22:55
қаз
ҰБТ-ның бірінші күні түлектерден 4 мыңға жуық телефон тәркіленді
03 маусым 2015, 14:04 7
2 мамырда Қазақстан бойынша 11-сынып түлектерін ұлттық бірыңғай тестілеуден өткізу басталған болатын. Сынақтың алғашқы күнінде бір оқушы ғана 125 балл жинаса, үш жарым мыңға жуық оқушы 100-ден артық балл жинаған.
ҰБТ еліміз бойынша 48 тестілеу пунктінде өткен



 «Тесттен өтуге өтініш берген 19 743 түлектің 18 889-ы (95,5%) тестілеуге қатысты. Тест кезінде тәртіп бұзған 27 түлек аудиториядан шығарылған. Тестілеу барысында 3 727 ұялы телефон, 3 894 шпаргалка, 83 калькулятор, 3 фотоаппарат, 5 рация, 12 роутер және 1 модем, барлығы – 7 725 тыйым салынған зат тәркіленді», – делінген баспасөз қызметінің ақпаратында.
Жалпы, сынақтың алғашқы күнінде орташа балл – 79, 7% пайызды құраған. 2014 жылы бұл көрсеткіш 76, 8% болған еді. Ал, шекті деңгей, яғни, 50 балдан өтпей қалған оқушылардың саны – 3 478.
125 балл жинаған Тараз қаласындағы №45 классикалық қазақ гимназиясының түлегі Ердосова Гүлназ.
БҒМ мәліметтерінше, бірінші күні тестілеуге 19 743 өтініш берген түлектен 18 889 (95,5%) тестілеуге қатысқан.
 
Дереккөзі: nur.kz
 


Жаңалықтар