16 Декабрь
19:05
Астана: -19 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Экономика
10 шілде 10:09
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Уфада БРИКС елдері көшбасшыларының шақырылған мемлекеттер басшыларымен кездесуі өтуде
 



Башқұртстан астанасы - Уфада БРИКС елдері көшбасшыларының шақырылған мемлекеттер басшыларымен кездесуі өтуде.«БРИКС-те оңтүстікафрикалық достарымыздың бастамасымен бірлестік саммитіне төраға-елге географиялық, геосаяси жағынан жақын мемлекеттердің басшыларын шақырудың пайдалы дәстүрі қалыптасты. Екі жыл бұрын біз Дурбанда африкандық құрлық елдерімен байланыстарды нығайту үшін не істеу қажеттігін талқыладық, бір жыл бұрын Бразилиядағы Форталезде латынамерикандық аймақ мемлекеттерімен ынтымақтастықты бірлесе дамыту жөнінде пікір алыстық. Ал бүгін бізде Еуразия кеңістігінде өзара іс-қимылды тереңдету жолдары жөнінде әңгімелесу мүмкіндігі бар», - деді РФ Президенті Владимир Путин кездесуді аша отырып.
Ресей Федерациясының басшысы барлық бірлестіктер мен ұйымдардар, сондай-ақ біздің әрбір елімізде сияқты  орнықты дамудың оңтайлы жолдарын іздестіруге ортақ мүдделілік, халықтардың кепілдендіріліген бейбітшілік пен қауіпсіздік жағдайында гүлденуі мен игілігін қамтамасыз етуге ұмтылыс бар.
 «Біз өзара құрмет, тең құқылы және ашық диалог принципінде ынтымақтасудамыз. Бұл орайда бізге тән әртүрлі тарихи, мәдени және діни дәстүрлер, әлеуметтік-экономикалық тұрмыс-салтымыз бізді алшақтатпайды, қайта әділетті және жан-жақты қамтыған әріптестік моделін құруға  мүмкіндік береді, ол 21-ғасырда орнықты жаһандық басқаруды қамтамасыз етуге қабілетті. Біз осындай негізде ғана өткір халықаралық проблемалар бойынша шешімдерді іздеп табуға, бүкіл адамзаттың алдында тұрған жаппай қырып-жою  қаруларының таралуы, лаңкестік, экстремизм, трансұлттық қылмыс, есірткі ағыны, азық-түліктің және судың жетіспеуі сияқты қатерлер мен қауіптерге  жауап  беруге тиіспіз», - деп атап өтті В.Путин.
Ол сондай-ақ осыншама өкілетті сессия құрамында Еуразияның даму перспективаларын талқылаудың, әлемнің басқа да аймақтарымен байланыстарды нығайту мәселелерін көтерудің өте-мөте пайдалы екеінін атап өтті.
«Бізде өзара тиімді ынтымақтастық көкжиектерін кеңейтудің барлық қажетті алғышарттары бар екеніне күмән жоқ, біздегі шикізат ресурстарын, адами капиталды, орасан зор тұтыну нарығын қуатты экономикалық секіріске жұимылдыру қажет. Құрлықтың транзиттік әлеуетін жүзеге асыруға бірегей мүмкіндіктер бар. Мен бұл арада жаңа тиімді көліктік-логистикалық тізбектері құрылысы, атап айтқанда, Жібек жолы экономикалық белдеуі бастамасын жүзеге асыру, Ресейдің шығыс бөлігіндегі және Сібірдегі көлік қатынастарын дамыту сияқты мәселелерді айтып тұрмын. Бұл Азияның  серпінді өсіп отырған нарықтарын Еуропаның кемелденген, бай индустриялы және технологиялық жетістіктерімен жалғастыра алады. Сонымен қатар, біздің елдеріміз үшін инвесторлар тартуда, жаңа жұмыс орындарын, озық өндірістер құруда неғұрлым бәсекеге қабілетті болуға жол ашады», - деп түйіндеді В.Путин.
Бұл кездесуге ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та қатысты.

Дереккөзі:kazinform.kz
нравится:    647
Теги: Қаржы және экономика,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии