|    |  
19 қараша 2018
16:20
қаз
Уимблдон турнирінде Джокович пен Уильямс топ жарды
13 шілде, 10:05 670
Екі аптаға созылған теннистен Уимблдон турнирі мәресіне жетті. «Үлкен дулыға» санатындағы сайыстың ерлер арасындағы бәсекесінде серб Новак Джокович топ жарды. Ал әйелдер арасындағы тартыста АҚШ теннисшісі Серена Уильямсқа тең келер қарсылас табылған жоқ. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.



Новак финалда атақты швейцариялық Роджер Федерерді жеңді. Төрт сетке cозылған матчта ол 3:1 есебімен басым түсті. Алғашқы екі сетте жеңімпаз тай-брейк арқылы анықталғанын айта кетейік. Джокович осымен Уимблдон турнирін үшінші рет жеңіп отыр. Бұған дейін ол 2011 және 2014 жылдары топ жарған болатын. Жалпы, «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі 9-жеңісі. Ал Серена үшін бұл Уимблдондағы 6-жеңіс. Сәйкесінше, «Үлкен дулыға» сайыстарында ол 21 рет топ жарды. Уильямс бұл жолғы финалда испан Гарбинье Мугурусаны қапы қалдырды (2:0).

 
Жаңалықтар