23 Август
00:42
Астана: 19 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Спорт
16 шілде 13:00
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Уимблдонда спортшы өзіне кеңес берген жанкүйерді теннис ойнауға мәжбүрледі


Уимблдон жарысында Бельгия теннисшісі Ким Клейстерс өзіне кеңес берген жанкүйерді теннис ойнауға мәжүрледі. Видео YouTube желісінде Chris Gin каналында жарияланды.

Клейстерс жұптық ойында автралиялық тенниші Ренне Стаббспен бірге испандық Кончита Мартинес пен американдық Андреи Джегерге қарсы ойнаған болатын. Ойын барысында трибунада отырған жанкүйер оған кеңес бере бастады. Бельгиялық теннисші көп ойланбастан оның өзін теннис ойнауға шақырды. Кортқа шыққан жанкүйерге спортшылар ақ белдемше мен футболка кигізіп қойды (жарыс ережесіне сәйкес спортшылар тек ақ түсті киім киюі керек). Жанкүйер бұған ешқандай қарсылық білдірмей, ойынға кірісіп кете барды. Ол қарсыластардың соққан үш добының екеуін ғана қайтара алды. Осыдан кейін ойын қайта жалғасты.









Бұл ойында Клейстерс пен Стаббс 6:2, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Биылғы Уимблдон жарысы Лондонда 3 - 16 шілде аралығында өтті. Жарыстың жүлде қоры 41 ммлн долларды құрайды.


Дереккөзі: https://lenta.ru
 
нравится:    142
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии