15 Декабрь
10:40
Астана: -22 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Әлем жаңалықтары
3 наурыз 09:21
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Украина Бату хан үшін моңғол билігінен өтемақы талап етті
02-03-16-han

Украина XIII ғасырда Бату хан әскерлерінің Киевті басып алғаны үшін Моңғолиядан өтемақы талап етіп отыр. Бұл туралы RT ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.

Мұны және украиндардың қалжыңмен айтып отырмағандары да рас.

«Қазіргі күндері Украина туралы сөз еткенде, небір сандырақ жаңалықтардың өзін байсалды қабылдауға тура келетін болып жүр», – деп жазады осыған орай NK.org.ua сайты.

Олай дейтіні, «Алтын орда» әскерлерінің Киев мемлекетін жаулап алуы кезінде украин халқын қырғынға ұшыратылғаны үшін Моңғолиядан өтемақыны талдап етіп отырған көшеде жүрген әйтеуір бір кезбелер емес, нағыз биліктің тізгінін ұстап отырған жоғарғы радасы екен.

Хабарланғандай, Моңғолияның Ресейдегі елшісінің пресс-атташесі Лхагвасурэн Намсрай Моңғолия парламентінің Украина жоғарғы радасынан осы жайында ресми хат алғанын растап берген.

«Украина жоғарғы радасы ұлы мемлекеттік хуралға (бұл – біздің парламент) XIII ғасырда Бату ханның (бұл – Алтын орда, ол – Шыңғыс ханның немересі) украин халқын қыруды ұйымдастырғаны туралы ресми хат жолдаған. Украиндар осы үшін өтемақы талап етеді. Бұл туралы Ресей сайттары де, моңғол сайттары да жазды», – деп мәлімдеді Намсарай.

Жалпы, Украина саясаткерлерінің бұл мәселе жөніндегі ниеттерін бастапқыда ешкім де шынайы қабылдаған жоқ. Журналистер де жай факт ретінде хабарлап, мысқылдап қоя салған. Ал ресми хаттың Моңғолия парламентіне жеткенін естігенде, жұрттың бәрі мынадай сандырақ тірлікті Украина жоғарғы радасының депутаттары жасап отырғанын білгенде, таңғалыстарында шек болмады.

Ал хурал райысы Зандаахуугийн Энхболд украин парламентінің қарарын «Украинаның Моңғолияға қатысты насихаттық ұраны» деп атады. Сонымен қатар, ол «Егер Киев Батудың қылышынан зардап шеккендер отбасыларының мүшелері табылып, соны дәлелдеп шыға алатын болса, Моңғолия өтемақы төлеуге дайын», – деп мәлімдеді.

Былайша айтқанда, Моңғолия қазірУкраина жоғарғы радасынан «зардап шеккендердің толық тізімін» күтіп отыр.

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    700
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии