23 Октябрь
17:24
Астана: 11 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Әлем жаңалықтары
15 шілде 12:48
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Украина премьер-министрі елде ажырасуға тыйым салмақшы


Украина премьер-министрі Владимир Гройсман елде ерлі-зайыптылардың қандай бір себептермен де ажырасушылығына тыйым салатын әрекеттер жасауға ниетті екенін мәлімдеді. «Взгляд» іскерлер газетінің хабарлауынша, үкімет басшысы мұны амалсыздан қолданатын шара ретінде қарастырғалы отыр.

«Мен, жалпы, әділет министрінің ажырасуға тыйым салу жөніндегі бастамасын қолдаймын. Жұрттың бәрі мұны қалжың деп ойлап қалуы мүмкін. Бірақ бұл – менің шындығым. Себебі, отбасы деген – ең жоғары құндылық. Маңыздысы, үйлі-жайлы адамдар бір-бірлерімен бақытты өмір сүрулері керек», – деді Гройсман Украина министрлер кабинетінің отырысында.

Премьер бұл мәлімдемесін Украина әділет министрі Павел Петренко тәулігіне некеге тіркелетіндер жөніндегі пилоттық жобаның іске қосылғанын баяндағанынан кейін жасады. Министрдің айтуынша, жобаның алғашқы қызметін Киев, Одесса және Львов қалаларының тұрғындары пайдалана алады.

Жоба көп ұзамай Херсонда, Мариупольде және Северодонецкіде жүзеге асырылады. Қазіргі таңда Украинада некеге тіркелу үшін 30 күн бұрын өтініш берілуі керек.

Дереккөз: egemen.kz
нравится:    630
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии