|    |  
22 ақпан 2020
18:27
қаз
​Ұл бала балабақшадан қашып кеткен
06 ақпан 2020, 11:46 50
Мәскеуде ата-анасына тосын сый жасамақ болған бала балабақшадан қашып кеткен. Ол осылайша үйіне ата-анасынан ертерек келмек болған.


 
Алты жастағы бала ұйықтайтын уақыт болғанда тәрбиешіден кілтті ұрлап алып, күзетшіге көрінбей шығып кеткен. Үш шақырымнан кейін жалғыз жүрген баланы жүргіншілер көріп, полицияға хабар берген. Дереу жеткен полиция қызметкерлері баланы бөлімшеге алып барып, ата-анасына хабар берген.



Қазір бала сол балабақшаға барып жүр. Бірақ тәрбиеші мен оның көмекшісі, күзетші жұмысынан босатылған.
 
Дереккөз: Лайф.ру


Жаңалықтар