16 Декабрь
20:50
Астана: -19 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Кербез
19 қараша 15:42
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ұл тәрбиесі
Ұлттық тәрбие жайындағы айдарда ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағлымдары айтылады. Келешек ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық тәрбиенің маңызы зор.


Олай болса бүгінгі тақырыбымыз ұл тәрбесі жайлы болмақ.Ұл тәрбиесінде, ұлдарға болашақ ел мен жұрттың қорғаны, отбасының ұйытқысы, халыққа бақыт-байлық жаратушы екендігін шынайы ұғындыру басты мақсат етіледі.
Ержігіттің қалай болу керектігі, ел-жұрт, үлкен-кіші, кәрі-жас алдында өзін қалай ұстап, әйелдер мен балаларға қамқорлық жасау, отбасы мен ел-жұртына қалай үлгі-өнеге болу, қиын сәттер мен ел басына күн туған сын сағаттарда қалай ерлік көрсіп, қалай азаматтық таныту секілді істердің барлығы мұқият бір-бірлеп үйретіледі.



"Ұлым жақсы болсын десең, біліктімен ауыл бол" дейтін халық даналығына сай, ұлдары тайға мініп өз тізгініні өзі ұстап жүруге жарай бастаған соң, адамгершілігі жоғары, білімі терең жақсы адамдармен көрші болып, өнерлі, үлгі-тағылымды кісілермен жиі барыс-келіс жасап, ұрпақтарының тамаша үлгі-өнеге алып өсуіне жағдай жасап береді.
Арлы, адал, өнерлі, білімді азамат болып шығуға талпындырады, түрлі жиын-тойлар мен үлкен-кіші ортасында әдепті, ибалы, тәртіпті, мәдениетті болуға, өзін дұрыс ұстап, жаман мінез, жағымсыз қылық көрсетпеуге дағдыландырады.
Үлкен-кіші арасында бейәдеп сөз сөйлеп, асып-таспауға, ашық-шашық жүрмеуге үйретеді. Қай жерде жүрсе де, қандай қызмет істесе де кішіпейіл, қарапайым, қажырлы болып, ер азаматқа лайық ерлік, серілік танытып, еркектік мінез, азаматтық тұрғыдан жазбауға жетелейді. "Еркек мінезді әйелден, әйел мінезді еркектен без" деп еркекте еркектік, әйелде әйелдік қасиет болуын дәріптейді.
Бұл тәрбие ұл балалардың жауапкершілік және қожайындық сезімі мен отбасына, балалар мен аналарға, ел-жұртына қамқоршы, қорған болу сезімін жоғарылатады. Есейгенде ақыл-айла, күш-қайрат жағынан ақаусыз есейіп, туған жерге, Отанға, халыққы мол үлес қосу санасын жоғарылатады. Әрқашан өздерін ел алдында ер азаматтық биіктен көрсетуге тырысатын намысқой, батыл, батыр, халықшыл азамат болып табылады.


http://anabol.kz
нравится:    131
Теги: Главная, Психология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии