22 Сентябрь
10:32
Астана: 8 °C
Алматы: 21 °C
USD/KZT: 340.35
EUR/KZT: 405.46
RUB/KZT: 5.87
CNY/KZT: 51.64
Экономика
27 тамыз 16:23
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ұлттық банк халықты демалыстарда доллар бағамына алаңдамауға шақырды
азақстан Республикасының Ұлттық банкi "демалыс күндерi доллардың теңгеге шаққандағы құны күрт өседi" деген алып-қашпа сөзге қатысты түсiнiктеме берiп, халықты демалыс күндерi доллар бағасына алаңдамауға шақырды. Себебi валюта айырбастау пунктерi валюта бағамын тек жұмыс күндерi және жұмыс уақыты кезiнде, сағат кешкi 18.00-ге дейiн ғана белгiлей алады. 



Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифинг барысында Ұлттық банктiң Мемлекеттiк органдармен жұмысты үйлестiру жөнiндегi департаментінің директоры Бақытжан Сәркеев айтып бердi.
"Өткен аптадан бастап Ұлттық банк барлық өңiрлерге тиiстi қаражатты жеткiздi. Бiздiң есептеуiмiзше, қаражат 1,5 айлық мұқтаждықты өтеуге жетедi. Яғни, өңiрлердегi айырбастау пункттерiнде доллар болсын, теңге болсын жеткiлiктi. Сонымен қатар, ақша айырбастау пункттерiне қойылатын негiзгi талап - олар валюта бағамын тек жұмыс күндерi және жұмыс уақыты кезiнде, сағат кешкi 18.00-ге дейiн ғана белгiлеулерi керек. Ал, демалыс күндерге арналған доллар бағамын аптаның жұма күнi белгiлеуi керек және оны демалыс күндерi өзгерте алмайды", - деп түсiндiрлi ол.
Ал, брифингке қатысқан Ұлттық банк басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Құсайынов қыркүйек айының басында доллардың теңгеге шаққандағы бағасы қатты қымбаттап немесе қатты арзандап кетедi деген болжамның жоқтығын айтты. Сонымен қатар, қазақстандықтарды мереке күндерi доллар бағасына алаңдамауға шақырды.
"Қазақстандықтар,  мереке күндерiнде теңгенiң төмен курсын iздеп алаңдамаңыздар.  Қазiр 240 теңгеден сәл қымбат курс бiр апта бойы тұрақты және болжамды курс болмақ.  Қыркүйек айының басында теңгенiң долларға шаққандағы курсы не тым қымбаттап, не тым арзандап кетпейдi",-дедi Н.Құсайынов.


Дереккөзі: ҚазАқпарат
нравится:    667
Теги: Қаржы және экономика,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии