19 Август
04:08
Астана: 12 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Экономика
20 тамыз 09:47
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ұлттық банк теңге айырбас бағамы деңгейінің қалыптастырылуына араласпайды
Ұлттық банк теңге айырбас бағамы деңгейінің қалыптастырылуына араласпайды. Бұл туралы бүгін ҚР Үкіметінің селекторлық режімдегі отырысында ел Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов мәлім етті. «Ұлттық банк теңгенің айырбас бағамын деңгейінің қалыптастырыуына араласпайды. Бірақ, елдің қаржылық жүйесінің тұрақсыздану қаупі туындаған жағдайда валюталық интервенция жүргізу жолымен ішкі валюта нарығына қатысу мүмкіншілігін өзіне қалтырады», деді Премьер Министр.
 


Оның атап өтуінше, мемлекет тарабының араласуынсыз нарық сұранысы мен ұсыныс негізінде айырбас бағамын қалыптастыру экономика өсімінің сауығуына, несие және инвестициялық белсенділіктің артуына, жаңа жұмыс орындарының құрылуына, орта мерзімді болашақта инфляцияны 3-4 пайызға дейін төмендетуге қажетті алғышарт құрады. 

«Инфляциялық таргеттеу режіміне негізделген жаңа қаржы несие саясатын жүзеге асыру эономикалық саясаттың стратегиялық мақсаттарын отандық экономиканың ұзақмерзімді тұрақты өсіміне қолжеткізуге, инфляцияның төмен деңгейіне, жұмыспен қамту деңгейін арттыруға жне ел халқының әл ауқатын жақсартуға жәрдемесетін болады», деді К.Мәсімов.

Дереккөзі: ҚазАқпарат
нравится:    1584
Теги: Қаржы және экономика, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии