19 Август
18:47
Астана: 21 °C
Алматы: 26 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Экономика
29 сәуір 10:52
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ұлттық валютадағы депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемнің сомасы 10 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды
 27 сәуірде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды.



Заңға сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктерде орналастырылған жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілдік берілген өтемнің ең жоғарғы сомасы 5 миллион теңгеден 10 миллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Ұлттық валютаның шетел валютасына қарағанда басымдылығын қамтамасыз ету мақсатында шетел валютасындағы депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемнің мөлшері бұрынғы деңгейде қалдырылды, яғни  5 миллион теңгеден аспайды.
Осылайша, қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры депозитор – жеке тұлғаларға ұлттық валютадағы кепілдік берілген депозиттері бойынша он миллион теңге және шетел валютасындағы депозиттер бойынша бес миллион теңгеден аспайтын мөлшерде бір депозиторға бір қатысушы банк бойынша кепілдік берілген өтем төлейді.
    Сондай-ақ, Заң бойынша депозитор бір қатысушы банкте түрі мен валютасы бойынша әртүрлі бірнеше кепілдік берілген депозит ашқан жағдайда, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры олар бойынша он миллион теңгеден аспайтын сомада жиынтық кепілдік берілген өтемді төлейді.
Ислам банкін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық 37 екінші деңгейдегі банктер депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылады.
Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету, қазақстандық банк жүйесіне сенімді қолдау көрсету және депозиторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры қатысушы банктерде орналастырылған жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік береді, яғни жеке тұлғалардың барлық банктік шоттарындағы, оның ішінде төлем карталарын қолдануымен, ақшасынының қайтарылуына кепілдік береді.
2015 жылдың 1 наурызындағы жағдайға сәйкес қатысушы банктерде орналастырылған жеке тұлғалардың банктік шоттарының (депозиттерінің) 99,6 %-ға жуығы толық көлемде кепілдендірілген. Осылайша, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры Заңда қарастырылған өз қызметтерін орындау үшін барлық қажетті ресурстарға ие.

Дереккөзі: kdif.kz
 
нравится:    715
Теги: Қаржы және экономика, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии