|    |  
17 ақпан 2020
08:25
қаз
Ұлттық ыдыстардың атаулары
22 қаңтар 2020, 12:21 40


САПТЫАЯҚ — қымыз құюға, сапыруға арнплған сабы бар аяқ тəрізді шұңғыл ағаш ыдыс. Саптаяқ деп аталуы да сондықтан. Қымызды сапыруға бір ыдыстан екінші ыдысқа құюға ыңғайлы. Саптаяқты дөңгелек те, сопақшалап та əдемілеп, безендіріп жасайды. Ыдыс атына лайық жасалған.

АЯҚ— ағаштан ойылып жасалатын ас құйылатын, сыйымдылығы 1 литрдей шұңғыл, дөңгелек ыдыс. Оның орнықты түбі, жиегі тік, жұқа болады. Көбінесе қымыз, шұбат құйылып, сыйлы кісілерге ұсынады. Сыртын оюлар түрлі- түсті сырмен сырлайды. Балаларға лайық шағын түрін "тостаған" дейді.

ОЖАУ — шарадағы қымызды сапыру, аяққа құю үшін қолданылады. Мұны да əсемдеп, өрнектеп, ұзын сапты етіп тұтас ағаштан ойып жасайды. Сабын қолға ұстауға ыңғайлы етіп, бунақтап, қосарлап, өрнектеп əсемдейді. Кей өңірлерде оның сабы қысқа, тіке жасалатын үлгілері де бар, оны "саптаяқ" деп те атайды.

Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар