23 Октябрь
01:11
Астана: -4 °C
Алматы: 4 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Мәдениет
14 қазан 16:20
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ұлы Абай мұрасы Ресей композиторын шабыттандырды


19 қазанда «Астана Опера» театрының Камералық залында ресейлік композитор әрі дирижер В.Соболевтің «Абай тақырыбына экспромт» атты музыкалық пьесасының әлемдік тұсаукесері өтеді. Аталған туынды симфониялық оркестрдің солисі, бірінші скрипкасы Қаламқас Жұмабаеваға арнайы жазылған.

В.Соболев шығарманы жазар алдында А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсындағы арияларды тыңдап, ұлы Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» өлеңімен және әннің шығу тарихымен танысып, аталған туындыларды тереңінен зерттегенін тілге тиек етті. Осылайша, Қаламқас Жұмабаеваның орындау ерекшелігі мен стилін ескерген автор керемет скрипкалық пьеса жазып шығарды.

Сонымен қатар, автор шығарма аты («Айттым сәлем, Қаламқас») мен орындаушының есімі (Қаламқас Жұмабаева) сәйкес келетіні де қатты толғандырғанын айта келіп: «Қаламқастың есімі өзіне сай, ол нәзік те әсем, керемет орындаушы. Мен оған өмірде де, шығармашылықта үлкен жетістіктер тілеймін» - деді. 

Айта кететін жайт, шығарманы жазу идеясы Татарстанның еңбек сіңірген қайраткері Гюзель Хайбуллинаға тиесілі.



Қ.Жұмабаева халықаралық байқаулардың дипломанты Долорес Үмбетәлиевамен (фортепиано) бірігіп өткізетін «Скрипка музыкасының жауһарлары» атты концертінде Абайдың ең танымал «Айттым сәлем, Қаламқас» әні ХХІ ғасырдың заманауи музыкалық дәстүріне сай жаңаша орындалатын болады.
 


Айдар Жанай
 
нравится:    917
Теги: Театрлар, мұражайлар, көрмелер,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии