27 Май
16:06
Астана: 3 °C
Алматы: 31 °C
USD/KZT: 327.42
EUR/KZT: 383.51
RUB/KZT: 5.29
CNY/KZT: 51.26
Мәдениет
8 мамыр 11:13
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ұлы Жеңіс тарихы: Ұлы Отан соғысы туралы ТОП-15 отандық фильм


Reactor.inform.kz
кеңестік кезеңде және тәуелсіздік алғаннан кейін түсірілген Ұлы Отан соғысы жылдарындағы елдің тіршілігі, қазақ халқының батыл да қайсар ұл-қыздарының ерліктері туралы отандық фильмдердің топтамасын назарларыңызға ұсынып отыр.
 

Ана туралы аңыз / Сказ о матери

       

Соғыстың салдарынан майданға аттанған ұлынан айырылған ананың тағдыры туралы фильм. Ол қайғыдан жапа шексе де, өмірге еш мойымай, өзгелерге қол ұшын созып, көмек көрсетуді алдына мақсат етіп қояды.
Соғыс басталғанға дейін еш сауаты болмаған ол майданнан келген хабарларды қалт жібермеудің бірден-бір жолы сауат ашу екенін түсініп, өз бетінше хат танып, пошташы қызметіне орналасады. Қызмет бабымен майданнан келген хаттардан сүйінші хабарлармен қатар қайғылы қазаны да талай естіртуге тура келеді. Осылайша ол өзімен тағдырлас аналардың қайғы-мұңдарын бірге бөлісіп, елдің еңсесін көтеруіне тікелей атсалысады.
 
Өндіруші: «Қазахфильм» киностудиясы
Жылы: 1963
Режиссері: Александр Карпов
Сценарий авторлары: Жұмабай Тәшенов, Александр Сацкий
Операторы: Асхат Ашрапов
Суретші: Юда Вайншток
Композитор: Анатолий Бычков
Дыбыс операторы: Борис Левкович
Рөлдерде: Әмина Өмірзақова, Қанабек Байсейітов, И. Шалабаева, Керім Есімбеков, Шамші Түйменбаев, Райымбек Сейітметов, Бикен Римова.

 
 
 

Атамекен / Земля отцов



Соғыс аяқталғаннан кейін бір жыл өткен соң ақсақал немересін ертіп Ленинград түбінде қаза тапқан жауынгер ұлының сүйегін туған жеріне жеткізіп, ақтық сапарға шығарып салуға аттананады.

Алайда, ұлы жерленген мазарды іздеп тапқанда, оның жалғыз емес, өзге жауынгерлермен бірге жерленгенін көріп, ерлікпен қаза тапқандардың мазасын алмауды жөн көреді. Халықтың ортақ қайғысы да осындай ортақ қабірлердің санын көбейткеніне көзі жетіп, тағдырға мойынсынған атасы мен немересі елден орамалға түйіп алып шыққан бір уыс топырақты жауынгерлер қабіріне сеуіп, Отан қорғаушылардың ерлігіне тағзым етеді.



Өндіруші: «Қазахфильм» киностудиясы
Жылы: 1966
Режиссері: Шәкен Айманов
Сценарий авторы: Олжас Сүлейменов
Операторы: Мұрат Айманов
Суретшісі: Құлахмет Ходжиков
Композиторы: Еркеғали Рахмадиев
Дыбыс операторы: Өтеген Даулетғалиев
Рөлдерде: Елубай Өмірзақов, Мұрат Ахмадиев, Виктор Шевцов, Юрий Померанцев, Тамара Кокова, Яраги Зубайраев, Любовь Малиновская, Әмина Өмірзақова, Шолпан Алтайбаева, Б. Руцинский, Рахметулла Сальменов, Виктор Перевалов, Раднэр Муратов
.
 
 

Алып батыр туралы аңыз / Дала батырлары; қазақ новеллалары


Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ жауынгерлерінің ерлігі туралы. 

Майдан шебіндегі Кеңес Әскерінің бір отряды тынығуға уақыт тапқан сәтте жауынгер Көреген қасындағы серіктеріне қазақ батыры Толағай туралы аңызды әңгімелеп береді. Алып батырдың образы жауынгерлерге рухани күш береді.
Арада біршама уақыт өткен соң бір топ әскер жауынгерлік тапсырма алып, өзеннің арғы бетіндегі жаудың әскерін жоюға аттанады. Жаудың орналасқан жерінің күлі көкке ұшқан соң, немістер Кеңес әскерінің жолын бөгемес үшін Көреген қоян-қолтын ұрысқа шығады. Осы кезде оған оқ тиіп, артқы шептен көмекке келген жолдастарының қолында ерлікпен қаза табады. 
 
Өндіруші: ОБКС
Жылы: 1942
Режиссері: Григорий Рошаль
Сценарий авторлары: Ә. Тәжібаев, Л. Жежеленко
Операторы: Галина Пышкова
Суретшісі: Ф. Бернштам
Композиторы: Н. Крюков
Дыбыс операторы: В. Богданкевич
Рөлдерде: Қапан Бадыров, Р. Оспанова, Ж. Оғызбаев, К. Қарабалина, Е. Немченко, Қалибек Қуанышпаев, Р. Мұсабекова, Д. Нүрпейісова.

 
 

Балалық шақтың кермек дәмі /Соленая река детства



1943 жыл. Тылдағы тіршілік. Сырдария өзенінен жеңіл қайықпен тыл мен майданға қажетті жүк тасымалданады. Бұл ауыр жұмысты Зейнолла қария мен оған қолғабыс ететін Дариға, Мұхтар және Әмір есімді жас жеткіншектермен бірге атқарады. Қария қайтыс болғаннан кейін, соғыстың зарбадынан ерте есейген балаларға қатал өзенге қарсы күресуге тура келеді.



Өндіруші: «Қазахфильм» киностудиясы
Жылы: 1983
Режиссері: Абдулла Қарсакбаев
Сценарий авторы: Болат Мансуров
Операторы: Виктор Осенников
Суретшісі: Александр Дериганов
Композиторы: Александр Луначарский
Дыбыс операторы: Гуляндан Шутанова
Рөлдерде: Нұрмұхан Жантөрин, Бибігүл Тайкелова, Бекболат Османходжаев

 
 
 

Ел басына күн туса / За нами Москва



Бауыржан Момышұлының 1941 жылы Мәскеу түбіндегі Панфилов дивизиясының көрсеткен ерлігі туралы кітаптары мен материалдары негізінде түсірілген.



Өндіруші: «Қазахфильм» киностудиясы
Жылы: 1967
Режиссері: Мәжит Бегалин
Сценарий авторлары: Василий Соловьев, Мәжит Бегалин
Операторы: Асхат Ашрапов
Суретшісі: Виктор Леднев, Ыдырыс Қарсақбаев
Композиторы: Эдуард Хагагортян
Дыбыс операторы: Стефан Першин
 
Рөлдерде: Всеволод Санаев, Кәукен Кенжетаев, Владлен Давыдов, Асанбек Өміралиев, Қуатбай Әбдірейімов.

 
 

Мергендер / Снайперы



Қазақтың қайсар да батыл аруы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ұлы Отан соғысындағы ерлігін бейнелейді.



Өндіруші: Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы
Жылы: 1985
Режиссері: Болот Шәмшиев
Сценарий авторы: Болот Шамшиев, Сейілхан Асқаровтың қатысуымен
Операторы: Марат Дуганов, Мурат Алиев
Суретшісі: Александр Чертович
Композиторы: Виктор Лебедев
Дыбыс операторы: Жәнібек Мұхамедханов
Рөлдерде: Айтурган Темирова, Марина Яковлева, Вера Глаголева, Елена Мельникова, Николай Скоробогатов, Қасым Жәкібаев, Эмиль Борончиев, Юозас Киселюс, Георгий Мартиросян, Джейхун Мирзоев және т.б..

 
 
 

Пантераның үш қарғуы / Тройной прыжок пантеры



Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдары Қазақстан аумағында фашистік диверсанттардың көзін жою туралы фильм.
Гитлердің әзірлеген «Пантера» операциясы туралы тарихи деректі оқиғаға негізделген.
Неміс қолбасшысы құпия тапсырмамен Токиоға ұшақ жібереді. Ұшақтың бағыты Қазақстан арқылы Харбинге бағытталған. Алдын ала Қазақстан жеріне түсірілген неміс десанты ұшаққа жанар-жағар май құюды ұйымдастыруы тиіс. Ал Кеңес әскері операцияның іске асуына  жол бермеуі тиіс.
Туынды авторлары шынайы тарихи оқиғаға көркемдік реңк қосып, оқиғаны Каспий өңірінен бұрып әкеп, Іле Алатауы тауларында өткізеді. Фильм Қызылорда жерінде түсірілген.



Өндіруші: Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы
Жылы: 1986
Режиссері: Лейла Аранышева
Сценарий авторлары: Георгий Тер-Ованесов, Владимир Петелин
Операторы: Георгий Гидт
Суретшісі: Ыдырыс Қарсақбаев
Композиторы: Талғат Сарыбаев
Дыбыс операторы: Әлім Байғарин
Рөлдерде: Әбдірашид Әбдірахманов, Лев Перфилов, Сергей Колтаков, С.Рулли, Гульназид Омарова, Сергей Роженцев, Әмина Өмірзақова, Юрий Назаров, Янис Рейнис, Владимир Шихов.

 
 
 

Мәншүк туралы дастан / Песнь о Маншук



Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың ерлігі туралы. Фильмде Мәншүк пен оның майдандас жолдастарының неміс әскеріне қарсы соғыстағы бір күндік оқиға суреттеледі.



Өндіруші: «Қазахфильм» киностудиясы
Жылы: 1969
Режиссері: Мәжит Бегалин
Сценарий авторы: Андрей Михалков-Кончаловский
Операторы: Әбілтай Қастеев
Суретшісі: Виктор Леднев
Композиторы: Эдуард Хагагортян
Дыбыс операторы: З. Абикенова
Рөлдерде: Наталия Аринбасарова, Никита Михалков, Иван Рыжов, Виктор Авдюшко, Нұржұман Ықтымбаев, Юрий Саранцев, Фарида Шәріпова, Кәукен Кенжетаев, Олеся Иванова, Иван Дмитриев және т.б.

 
 
 

Бауыржан Момышұлы



Александр Бектің повесі желісімен түсірілген. Фильмнің авторлары Бауыржан Момышұлының генерал Панфиловпен танысып, батальон басшысы етіп тағайындалған сәтінен бастап оның өмір жолын ашып көрсетуді мақсат тұтқан.
Фильмнің бір бөлігі Минскіде «Беларусьфильм» базасында түсірілген.



Өндіруші: «Хабар» агенттігі / «SATAI FILM» киностудиясы
Жылы: 2013
 Режиссері: Ақан Сатаев
Сценарийі: Тимур Жақсылықов, Александр Бек
Продюсері: ЭрЖарасхан Кульпиенов
Операторы: Искандер Нарымбетов, Хасанбек Кыдыралиев
Суретшісі: Назира Байбекова, Әсел Шалабаева
Рөлдерде: Еркебұлан Дайыров, Әсел Сағатова, Виктор Ашанин, Мақсат Сәбитов, Виталий Багрянцев, Саят Исембаев, Мерей Маханов, Александр Багрянцев, Виталий Давыдов, Владимир Крылов, Азамат Шарғынов, Дмитрий Скирта, Сергей Уфимцев, Бахтияр Қожа, Артём Иватов, Илья Шилкин, Еділ Рамазанов, Марат Абдуллаев, Жәнібек Ақылбеков, Дастен Шәкіров, Илья Садықов, Евгений Дубовик, Роман Хикалов, Ирина Комарова, Төлеубек Аралбай, Асылхан Төлепов

 
 
 

Қасым / Без права на выбор



Шынайы тарихи оқиғаларға негізделген сериал. Қасым – Украина жерінде Кеңес Одағы жерін қорғаған жауынгер. Бірде жауынгерлік ұрыс кезінде оның қасындағы майдандас жолдастарының бәрі қаза тауып, жау жерінде жалғыз өзі қалады.
Фильм жалғыз жаумен алысқан Қасым Қайсеновтің ерлігін дәріптейді.




Өндіруші: FILM.UA және Intra Communications Inc., «КТК», «Қазақстан» және «Первый канал Евразия» телеарналары
Жылы: 2013
Елдер: Қазақстан, Ресей, Украина
Режиссері: Леонид Белозорович
Сценарий авторлары: Леонид Белозорович, Андрей Курейчик
Операторы: Светлана Кругликова
Композиторы: Алексей Карпов
Суретші: Александр Батенев
Продюсерлер: Максим Асадчий (орындаушы), Михаил Баркан, Сергей Каратаев, Виктор Мирский, Нұржан Мұхамеджанова, Виктор Умнов, Арман Шораев, Леонард Яновский
Рөлдерде: Қуандық Қыстықбаев, Александр Петров (III), Мария Луговая, Михаил Евланов, Денис Беспалый, Александр Лыков, Владимир Гостюхин, Олег Примогенов, Василий Бочкарёв, Тома Вашкявичюте, Годехард Гиз, Андреас Конрад, Ирина Рождественская, Инна Мирошниченко, Борис Георгиевский, Евгений Пашин, Сергей Калантай, Мирослав Павличенко, Антон Себастьян, Юрий Шульган

 
 

Приказ вернуться живым



4 сериялы көркем фильм. 
Премьерасы Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70-жылдығына орай өтті.
70 жыл кездеспеген екі соғыс ардагері мектепте кездесіп қалады. Фильм осы екі ардагердің естелік әңгімелеріне негізделген.



Өндіруші: «Хабар» агенттігі және «Alamas film» компаниясы
Продюсері: Андрей Горлов
Режиссері: Алексей Горлов  

 
 

Анаға апарар жол / Дорога к матери




Тарихи драма 1930-жылдардан бастап қазіргі күнге дейінгі тұтас бір халықтың өмірі арқылы қазақ отбасынан басынан кешкен оқиғаларды баяндайды. Басты кейіпкер анасынан ажырап, ер жеткен соң соғысқа аттанады. Бірақ басынан қандай қиындықтарды кешсе де, туған үйіне оралуға тырысады.
Оның өз анасына деген махаббаты өмірдің барлық сынақтарын жеңуге көмектеседі .
Фильм Қазақстан, Әзербайжан және Беларусь елдерінде түсірілген.
Басты рөлдерде: Алтынай Нөгербек, Әділ Ахметов, Аружан Джазилбекова және Еркебұлан Дайыров.



Өндіруші: «SATAI FILM» киностудиясы
Жылы: 2016
 
Режиссері: Ақан Сатаев
Сценарийі: Тимур Жақсылықов
Продюсері: Әлия Назарбаева, Светлана Коротенко, Анна Чакиртова
Операторы: Хасанбек Қыдыралиев
Композиторы: Алим Заиров, Роман Вишневский
Суретшісі: Назира Байбекова, Лариса Решетова, Әсел Шалабаева
Актерлер: Берик Айтжанов, Болат Әбділманов, Азамат Сатыбалды, Ерлан Кәрібаев, Әділ Болатаев, Мерей Мақажан, Темірлан Айтілеу, Шамхал Хачатурян, Андрей Душечкин

 
 
 

28 панфиловшы



1941 жылы қарашада Волоколам тас жолында неміс танкілерінің жолын бөгеген Панфилов дивизиясының атқыштар ротасы жауынгерлерінің тарихи ерлігін суреттейтін фильм.



Өндіруші: «28 панфиловшы» тәуелсіз студиясы (Санкт-Петербург, РФ) РФ Мәдениет министрлігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қатысуымен
Жылы: 2016
Режиссері: Андрей Шальопа, Ким Дружинин
Сценарий авторы: Андрей Шальопа
Операторы: Никита Рождественский
Қоюшы-суретші: Екатерина Лизогубова
Композиторы: Михаил Костылев
Рөлдерде: Александр Устюгов, Яков Кучеревский, Азамат Нигманов, Олег Федоров, Антон Кузнецов, Алексей Лонгин, Азиз Бейшеналиев, Дмитрий Сутырин, Асқар Тілеуғабылов.

 

 

Көкке самғау / Падает вверх



Жеңістің 70-жылдығына орай екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атанған Талғат Бигелдиновтің әдеби туындылары желісімен түсірілген көп сериялы әскери-шытырман оқиғалы драма. 



Сериалда екі оқиға қатар өрбиді: кейіпкердің соғысқа дейінгі өмірі мен фашизмге қарсы ерлігі; соғыс ардагерінің қазіргі әлемді түсінуге тырысуы (көркемдік бояу).
Бір телеканалдың шығармашылық тобы ардагердің кітабын сценарий ретінде пайдаланып, соғыс туралы фильм түсіре бастайды. Алайда, кітап авторының қатысуынсыз режиссерлердің өткен тарихты қайта қалпына келтіруі қиынға соғады. Ұлы Отан соғысы ардагерінің аяқ астынан із-түзсіз жоғалып кетуі мәселені ушықтыра түсіп, осы жерден бастап детективті тергеу жұмыстары басталады.
Фильмнің авторлары – белгілі кинодраматург Ермек Тұрсынов пен журналист, телепродюсер Виктор Климов.

 

Қазақтың Бауыржаны / Бауржан — сын казахского народа
 




Бауыржан Момышұлының отбасы туралы, оның балалық шағынан бастап ақсақал жасына жеткенге дейінгі өмірбаянын баяндайтын деректі фильм.
Батырдың біз білмейтін небір шытырман оқиғалары мен сұрапыл соғыстың сұсты күндері, сондай-ақ жеке өмірінде болған ғашықтық хикаялары да бар.




Өндіруші: Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы
Жылы: 2010
Режиссері: Қалила Омаров
Сценарий авторы: Елзат Ескендір
Операторы: Мұхтар Ержанов
Композиторы: Дүйсенхан Сыздықов
Монтаж: Нина Овсянникова
Компьютерлік графика: Мұхтар Қ. Омаров
Директоры: Дина Нұрмұханова
нравится:    73
Теги: Кино және ТВ, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте также:
Загрузка...

Комментарии