18 Январь
02:24
Астана: -23 °C
Алматы: -10 °C
USD/KZT: 327.10
EUR/KZT: 400.53
RUB/KZT: 5.78
CNY/KZT: 50.84
Мәдениет
6 сәуір 19:33
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ұлы Жібек жолын көрем десеңіз


Кеше, 5 сәуірде Мемлекеттік Орталық музейі мен Қытай Халық Рес­публикасының Алматы қала­сын­дағы Бас консулдығы бір­лесіп ұйымдастырған «Ұлы Ж­ібек жолының жаңа бей­не­сі мен жетістіктері» атты фото­көр­ме ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Біртұтас коммуникация­­лық тран­сеуразиялық жүйе ретін­де үлкен маңызға ие болған Ұлы Жібек жолы қазір де түрлі мем­­лекеттер, оның ішінде Қазақстан мен Қытай елдері ара­­­сындағы қазіргі заманғы мә­­дени және экономикалық бай­­ланыстардың дамуында да үл­­к­ен рөл атқарып отыр.    

«Жаңа бейне», «Бірлескен құ­рылыс және пайдаланылуы», «Бірлесіп өмір сүру мен ор­та­қтаса өркендеу» атты 3 бө­лім­нен тұратын көрмеге Ұлы Жі­бек жолының тарихы ғана емес, сонымен бірге саясат, экономика, құрылыс, бизнес, білім беру, мәдениет, туризм және спорт салалары бойынша Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарының жетістіктері бейнеленген 70-тен ас­там фо­то­жұмыс қойылған. Фо­то­­су­ре­тшілер жұмысында сон­­дай-ақ, Қытайдағы сәулет ес­кер­т­кіш­те­рі, көркем табиғи орын­дары, көрікті жерлері кө­рі­ніс тау­ыпты.  

Көрменің бірінші бөлімі ха­лықтарға өз тарихи-мәдени мұ­расын сақтауға, бейбітшілік, ке­лісім, достық, жариялылық пен төзімділікті сақтай отырып, өмір сүруге мүмкіндік бер­­­ген кезеңнен, яғни Ұлы Ж­і­бек жолының екі мың жылдық та­­рихын қамтыған 26 фо­то­су­рет­тен тұрады. Фото­су­рет­тер арасында: «Jiayu – Ұлы көш», «Будда үңгіріндегі күн сәу­лесі», «Yongtai көне қа­ла­сы», «Түнгі қайықтар сайы­сы», «Тибеттік Жаңа жыл», «Түйеші», «Көне ауыл­дағы қағаз өндіру», «Жү­р­дек пойыздар дәуірі», «Ас­палы көпір» сияқты көп­те­ген жұ­мыс­тарды та­ма­ша­лауға бо­лады.

Көрменің 25 фотосурет қой­ылған екінші бөлімі эко­­но­­мика және зауыттар мен қай­та өң­деу комбинаттарының құ­­ры­лысы, энергетикалық, фар­­мацевтикалық компания­лар, банктер мен сауда орта­лық­тарын ашу салалары бой­ынша ортақ жобаларды іс­ке асыру мақсатындағы Қазақ­стан-Қытай өзара тиімді ын­ты­мақ­тастықтағы қарым-қаты­на­сын бейнелейді. Жамбыл жә­не Оңтүстік Қазақстан об­лыс­та­рындағы це­мент зауыттары, «Тау-кен» Ақ­тоғай зауы­ты,  «SINOPEC» мұнай өң­деу зауыты, «Мойнақ Су» элек­тростансының ашылу сәт­тері, Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «CNPCS» ком­паниясының Ақтөбедегі фи­лиалының директорын грамотамен марапаттау сәті бейнеленген фотосуреттер ерекше қызы­ғу­шы­лық тудырды.

Қытай фотосуретшілерінің Алматыда түсірген 19 фото­су­­ре­тінен тұратын көрменің үшін­­ші бөлімі: Қытайдың салт-дәс­­түрлері, әдет-ғұ­рып­т­а­ры, ме­­рекелері, қазіргі дамуы, «Шэнь­си провинциясынан Ал­ма­ты­ға дейін келген 100-ден ас­там адам мен түйелер ке­ру­е­ні» жұмысы, ҚХР Алматы қа­ла­сындағы Бас кон­сулдығы өт­кіз­ген «Қытай та­ғам­дарының ме­ре­кесі», «Қытай мәдениетінің күні», Қазақ Мемлекеттік қыз­дар педагогикалық уни­вер­­­си­тетінде өткен «Тіл дос­тас­тықтың көпірі» бай­қауы, «Қытай спортшылар құ­р­а­масының Конфуций мек­те­бінің оқушыларымен бір­ге Қытай Жаңа жылын қар­сы алуы», «Қазақстан-Қытай дип­­­­ломатиялық қарым-қа­ты­­­на­сы­ның 25 жылдығына ар­­нал­ған Гала-концерт», «Нау­рыз мей­рамы» сияқты Қазақстан мен Қытай ара­сын­да­ғы мәдениет пен өнер са­ла­ла­рындағы қарым-қа­ты­­нас­ты қам­тыған. Көрме сәуір айының 11-іне дей­ін жалғаспақ.


Дереккөзі: egemen.kz
 
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии