12 Декабрь
14:22
Астана: -16 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Туризм
1 сәуір 09:39
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ұлы Жібек жолының тағы бір құпиясы ашылды
Ғалымдар Ұлы Жібек жолының бұрын белгісіз болып келген бөлігін тапты. Ең ежелгі сауда-саттық жолының бір бөлігі Тибеттің биік таулары арқылы өткен, деп хабарлайды epochtimes.ru.



 Археологтар бұл бөлікті Тибеттің Нгари префектурасында жүргізген қазба жұмыстары кезінде анықтаған. Ал соған дейін бұл жерден шамамен 1800 жыл бұрын салынған зираттар табылған еді. Зерттеушілер жүргізген археологиялық қазба жұмыстары барысында көптеген қытайлық тауарлардың қалдықтары шықты. Жәдігерлер арасында қытайлық иероглифтер салынған әдемі жібек матасының жыртыстары, қоспасыз таза алтыннан құйылған бетперде, сондай-ақ керамикалық және қола ыдыс-аяқ бар. Жәдігерлер арасынан шәй өсімдігінің бүршіктері табылды.

Жалпы Тибет жерінен табылған шәй қалдықтары сонау VII ғасырға қатысты болады. Ал Нгари префектурасынан анықталған бұл бүршіктер одан 3-4 ғасыр бұрын өсірілген шәйдікі болып шықты. Артынша Бейжіңдегі Геология және геофизика академиясының ғалымдары бұл шәйді сараптамадан өткізді. Сол кезде шәйдің Тибетте емес, Қытайдың Юньнань провинциясынан екендігі белгілі болды. Сәйкесінше, Қытайдан шығып, Ұлы Жібек жолының бойына түскен керуендер Тибет арқылы өтіп отырған. «Яғни таулар артынып-тартынған керуендер мен олардың иелері үшін ешбір кедергі болмаған», - дейді Гарвард университетінің археологы Роуэн Флед.

Дереккөзі: 24.kz. 
нравится:    754
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии