21 Август
10:36
Астана: 19 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
3 тамыз 16:35
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ұлыбритания патшайымы мен ханшайымдарының той көйлектері

 
Ұлабританияның қазіргі патшайымы ІІ Елизавета 1947 жылы 21 жасында Британия флотының офицері Филипп Маунтбеттенге тұрмысқа шығады. Корольдің мұрагер қызының тойы бүкіл әлемнің назарынан тыс қалмайды. Жастардың той киіміне баса мән беріледі. Қалыңдық көйлегін тігу Норман Хартнелге тапсырылады. Бұл екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі қиын кезең болатын.



Король қызының той көйлегіне он мыңнан астам меруерт жұмсалған. Бірақ мұнша меруертті Англиядан тапай, АҚШ-тан тапсырыспен алдыртса, жібекті Шотландиядан алдыртуға тура келген. Той көйлегінің шлейфі төрт метр жібектен тігілген. Бұл той көйлегін тігу үшін 26 тігінші, 10 кестеші екі ай уақыт жұмсаған. Көйлек аса құпия жағдайда тігіледі. Хартнелдің барлық қызметкерлері ақпаратты жарияламау туралы қолхат жазып береді. Ал тігін шеберханасының терезесін ешкім көрмеу үшін ақ бояумен бояп тастайды.
 
 
 
1981 жылы Елизавета ІІ патшайымның үлкен ұлы әрі қазіргі тақ мұрагері ханзада Чарльз Диана Спенсерге үйленеді. Бұл той «ғасыр тойы» деген атқа ие болған. Ханшайымның  той көйлегі талай әңгімеге арқау болып, тарихқа енді. Оны сол кезде таныла қоймаған ерлі-зайыпты дизайнерлер Дэвид пен Элизабет Эммануэль тіккен. Оларды ханшайымның өзі таңдаса керек.



Той көйлегінің ерекшелігі – 8 метрлік шлейф. Бұл патша әулеті өкілдерінің тарихындағы ең ұзын шлейф болды.  Көйлекке алты түрлі мата қолданылған. Ал фатасына 137 метр жұқа мата пайдаланылады. Оның ұзындығы да шлейтфің ұзындығына жетеқабыл болған.
 
 
 
2011 жылдың 29-сәуірінде Елизавета ІІ патшайымның немересі, ханзада Чарльз бен ханшайым Диананың үлкен ұлы ханзада Уильям Кейт Мидлтонға үйленді. Қалыңдықтың той көйлегін Александр Маккуин негізін қалаған сән үйі тіккен. Авторы Сара Бертон. Той көйлегінің ұзындығы 270 см ғана. Көйлек тұтастай шілтермен көмкерілген. Қымбат шілтер мінсіз көрінуі үшін шеберлер жарты сағат сайын қолдарын жуып, үш сағат сайын инелерін ауыстырып отырған. 

нравится:    1148
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии