12 Декабрь
02:53
Астана: -15 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Әлем жаңалықтары
21 шілде 16:33
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ұлыбритания патшайымының жолына жас отбасы бөгет болды
 

Ұлыбритания патшайымы Елизавета ІІ Виндзор сарайы маңындағы Үлкен Виндзор саябағында көлікпен қыдырып жүріп, жол жиегіндегі көгалды басып өтуге мәжбүр болды. Себебі, ол кезде жол бойында жас отбасы екі баласымен серуендеп жүрген еді. Бұл туралы The Telegraph басылымы хабарлады. Патшайымның жолына тосқауыл болғандар 23 жастағы Скарлет Винсент пен 30 жастағы компания директоры Тоби Кор есімді ерлі-зайыптылар. Олардың айтуынша, бастапқыда өздері де еш нәрсе түсінбеген. Daily Mail басылымына берген сұхбатында Винсент: "Көлікті жүргізіп келе жатқан Елизавета ІІ екенін білгенде, өзіміздің кімнің жолына бөгет болғанымызды түсініп, шарасыздықтан күліп жібердік. Негізі біз демалыс күндері патшайымның Виндзор сарайында болатынын білген жоқпыз. Көлікке жол бермеуіміздің себебі, оны мүлдем байқамадық. Сондықтан жүргізуші бізді айналып өтті. Сөйтсек, көлікті патшайымның өзі басқарып келе жатыр екен. Бұл кезде Тоби балалармен әуре болып, оқиғаға аса мән бермеді. Ал мен бізді айналып, көгалды басып өтуге мәжбүр болған Елизавета ІІ екенін айтқанымда, ол қатты таң қалды", – деді. Патшайым – Ұлыбританияда жүргізуші куәлігінсіз көлік басқару құқығына ие жазғыз адам. Сондай-ақ, саябақ қызметкерлерін есепке алмағанда, тек патшайымға ғана көлікпен Long Walk гүлзарын басып өтуге рұқсат берілген.

Дереккөзі: egemen.kz
нравится:    1107
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии