21 Август
17:57
Астана: 25 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
15 қаңтар 18:09
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ұлыбританияда 3 қария «ғасыр ұрлығын» жасады

Лондон соты «Хаттон Гарден» зергерлік ауданында ұрлық жасаған 60-76 жас аралығындағы адамдарды айыпты деп таныды. Бұл туралы «Daily Mail» сайтына сілтеме жасай отырып, ВВС агенттігі хабарлады.Сотталушылар есімі: Хью Дойл, Уильям Линькольн және Карл Вуд. Бұдан бұрын тағы төрт күдікті - Брайан Ридер, Терри Пёркинс, Джон Коллинс және Дэниэл Джонс өз айыптарын мойындаған.

Ұрлық 2015 жылғы сәуірде жасалған. Олар «Хаттон Гарден» жер асты тоннеліне кіріп, ол жерден сомасы 14 млн фунт стерлингті құрайтын ақша, зергерлік бұйымдар, сирек кездесетін монеталар, алтын бар 73 сейфті алып кеткен. Полиция ұрланған заттың үштен бірін ғана тәркіледі. Олар қалғанын әлі қолға түсе қоймаған Бэйзиль жасырып отыр деп есептейді.

Қылмыс мереке алдындағы демалыс күндері болған. Олар сол күні қойма бос болатынын білген. Бэйзель қызметкер ретінде ақша сақталған ғимаратқа кірген. Сөйтіп, артынан сыбайластарын кіргізіп алған.

Бірінші күні дабылды өшіріп, электрондық құлыпты сындырған. Екінші күні заттарды қолды еткен.

Ұрылардың барлығы бұрын сотталған. Оларға сот үкімі 7 наурызда шығады.


Дереккөзі: БАҚ материалдары





 
нравится:    886
Теги: Қоғам,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии