|    |  
10 желтоқсан 2018
20:20
қаз
Ұлыбританияда авиашоу кезінде ұшақ құлап, 7 адам қаза тапты
24 тамыз, 09:40 1001
Ұлыбританияда Shoreham Airshow авиашоуы кезінде «Хокер Хантер»  моделді бомбалаушы ұшағы жақын маңдағы автожолға құлады. Оның ұшқышы емханаға жеткізілді, жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.


Аталған нәтижесінде 7 адам қаза тапты. Олар оқиға орнында көз жұмды. Тағы 1 адам ауруханаға жеткізілді. Полицияның мәлімдеуінше, 14 адам түрлі дәрежеде жарақаттанған.
Батыс Суссекс графтығында өтіп жатқан авиашоу кезінде ұшақ орағыта ұшуды орындай алмай, A27 трассасына құлап түсті. 



Қазіргі уақытта автожолдағы қозғалыс тоқтатылды. Жергілікті құқық қорғау органдары мән-жайды  анықтап жатыр.

Дереккөзі: Русская служба Би-Би-Си

 


Жаңалықтар