12 Декабрь
06:50
Астана: -17 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Әлем жаңалықтары
15 маусым 11:32
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ұлыбританияда егде жаста отау тіккен қарттар рекорд орнатты


Ұлыбританияда қарттар ең егде жаста отау тігіп, әлемдік рекорд орнатты деп жазды 24.kz.

103 жастағы Джордж Кирби мен 92 жастағы Дорин Лакидің бір шаңырақ астында тұрып келе жатқанына 27 жыл болыпты. Алайда балалары өтініп сұрап қоймаған соң, жұлдызы жарасқан жұп некесін заңды түрде тіркеуді ұйғарған.

Айта кетейік, романтик күйеу жігіт қалыңдыққа үйлену туралы ұсынысты Әулие Валентин күнінде жасаған екен.

«Дорин енді біздің отбасымыздың бір мүшесіне айналды. Меніңше, бұл – дұрыс шешім. Өйткені ол әкемнен 11 жас кіші. Ойда-жоқта оған бір жағдай бола қалса, біз Доринді өз қамқорлығымызға аламыз», — дейді егде күйеу жігіттің ұлы Нейл Кирби.
нравится:    919
Теги: Әлемде талай қызық бар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии