23 Август
10:17
Астана: 22 °C
Алматы: 20 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
8 қыркүйек 16:14
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ұлыбританияда екінші Стоунхендж табылды

Британдық археологтар Уилтшир графтығында жер астында неолит дәуірінің тағы бір ескерткішін тапты. Ол Стоунхендж құрылысынан небәрі 3 шақырым жерде орналасқан. Монумент жарты шеңбер құрған 100-ге жуық алып тастардан тұрады. Олардың биіктігі 4,5 метрге дейін жетеді. Ескерткіш георадардың көмегімен Даррингтон-Уоллс ауданында бір метр тереңдікте табылған. Бұл аймақты бұған дейін археологтар зерттемеген екен. Винс Гаффни, Брэдфорд университетінің профессоры: - Бұл – Еуропадағы ең ірі мегалиттік құрылыстардың бірі. Біз әзірге оның минералды құрамы туралы дөп басып айта алмаймыз. Егер биіктігі бойынша Стоунхендж тастарымен шамалас болса, олардың табиғаты да ұқсас болуы әбден мүмкін. Пайымдауымызша, тастар салт-жоралғыларды орындау үшін орнатылған немесе алып сахнаның бір бөлігі ретінде тұрғызылған. Өйткені сол заманның ескерткіштері негізінен театр көрінісі іспетті жасалады.  Стоунхендж Англиядағы Уилтшир графтығында орналасқан. Құрылыс сақина және тағаға ұқсас тастардан тұрады. 1986 жылы ол ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    678
Теги: Әлемде талай қызық бар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии

  • Erbol2015-09-10 08:17:01
    MawaAllah