Әлем жаңалықтары
23 маусым 10:25
Ұлыбританиядағы ең семіз адам өмірден озды
Ұлыбританияда Біріккен Корольдіктегі ең семіз еркек саналған 33 жастағы жергілікті тұрғын өмірден озды.



Карл Томпсон өз үйінде өлі табылды. Белгілісі, ол соңғы 12 айда өз үйінен ешқайда шықпаған. Құтқарушылар Карлдың жансыз денесін үйден алып, жедел жәрдем көлігіне дейін жеткізу үшін бір сағаттан астам уақыттарын жұмсаған. Оның денесінің салмағы 413 килограмға жеткен.
 Томпсон  анасы өмірден озғаннан кейін артық салмақты жылдам ала бастаған.  Оған дәрігерлер тарапынан бірнеше рет  ескертулер жасалыпты. Ұлыбританиядағы ең ауыр самақ иесі  Карл өмірінің соңын жалғыз өткізді. Оған күніне екі рет әлеуметтік қызметкерлер келіп тұрған болатын.

Дереккөзі: дни.ру



 

Комментарии




Яндекс.Метрика