18 Август
11:14
Астана: 21 °C
Алматы: 21 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Мәдениет
10 тамыз 16:40
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​«Ұлытау» тобының мүшесі отбасын құрды
«Ұлытау» тобындағы Рүстем теңін тауып, шаңырақ көтерді. Бұл жаңалықты топ продюсері Қыдырәлі Болманов жеткізді.

 
 
«Ұлытау» тобында үлкен той! Былтыр Америка еліне концерт беруге барған болатынбыз. ООН ұжымының алдында берген концертте Қазақстан сән үйлері қатысқан болатын. Сол жолы Рүстеміміз ұшақта Ақботамен қатар отырып қалыпты. Сол әуедегі таныстық бүгін осындай қуанышты тойға ұласып отыр. Бірнеше жыл бұрын Рүстем бауырымызды «Ұлытау» тобына әкеліп, әуеде қалыңдығымен жолықтырып, екеуінің де ата-анасын қуанышқа бөлеп, бір-біріне құда-құдағи қылып, дүбірлі той жасатқан, ұшақтағы таныстықты дүбірлі тойға айналдырған шебер Аллаға сансыз мадақ! Отан отбасынан басталады демекші, отбасын құрған екі жасқа бақыт-береке, шынайы маxаббат, үбірлі-шүбірлі болып, еліміздің ең үлгілі отбасы болуын шын жүрегіммен тілеймін! Тойларыңыз құтты болсын! Алла тіл-көзден сақтасын!» – деп жазған продюсер.


 
Жас отбасыға Reactor ұжымының атынан бақыт тілейміз! Шаңырақтары берік, керегелері кең болсын!

 

Дереккөз: Reactor
нравится:    403
Теги: Жұлдыздар әлемі, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии