13 Декабрь
11:20
Астана: -24 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Мәдениет
15 мамыр 14:41
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ума Турман жақсы көрудің арқасында жасара түсті
Жақында Ума Турман өзінің бойфренді, бірнеше отелдердің қожайыны және белгілі бизнесмен Андре Балажбен бірге бір шараларда бой көрсетті. Онда атақты Ума өзінің сұлулығымен тағы да жұртты таң қалдырды. Ол сұлуланып қана қоймай, құтты,  он жасқа жасарып кеткендей көрінді!


Өзінің сұлулығының сырын актриса, пластикалық хирургияның сыйқырымен емес, өзінің қайта ғашық болу жағдайларымен байланыстырды.
Ума Турман Балажбен көптен бері таныс, бұрынырақта олардың жақын қарым-қатынастары болған. Алайда, олар 2007 жылдың наурыз айында түрлі себептерге байланысты,  ажырасып кеткен болатын. Осы уақыт ішінде Ума миллиардер Арпад Бюссонмен 2012 жылы некелескен болатын. Олардың Луна атты ортақ қыздары бар. Алайда қыздарының өмірге келуі олардың отбасылық өмірлерін сақтай алмады.
Ал ол кезде бизнесмен Балаж тележүргізуші Челси Хэндлермен дос болды.
Бірақ тағдырдың қалауымен, Ума мен Андре осы жылы кездейсоқ кездесіп қалып, олардың бұрыңғы сезімдері қайта тұтанды.
Ғашықтар бірге Кариб теңізінде демалып үлгерді. Олар үнемі қол ұстасып, біре жүреді. Балаждың арқасында Турман бұрынғыдан да әдеміленіп, жасара түскендей.

Дереккөзі: http://7days.ru/


 
нравится:    696
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии