|    |  
18 қаңтар 2019
23:08
қаз
​Ұмытшақ адам 6 млн ұтыстан айырылып қалды
15 тамыз 2016, 14:59 745


Брюссель тұрғыны биылғы жылдың 26-наурызында лотореядан 6 млн еуро ұтып алған. Алайда бельгиялық азамат өзінің ұтысын алуға келмеген. Ұлттық лоторея әкімшілігі заңға сәйкес іздеу салып, француз, неміс, голланд тілдерінде газетке хабарландыру беріп, лоторея сататын барлық пунктерге хабарлама іліп, ұтыс иесін бес ай бойы күткен. Бельгияның ұлттық лоторея тарихындағы ең қомақты бұл ұтысты азаматтың 13-тамызға дейін алып кетуге мүмкіндігі болған.  Ұмытшақтық па, әлде дүниеге қызықпайтын атымтай жомарттық па, оның бұл қылығы беймәлім болып отыр.
Бұл бірінші рет орын алып отырған жадай емес. Бельгияда алғаш рет 2008 жылы 1 млн еуро ұтысты алуға ешкім келмеген.
 
 Дереккөз: divannaya-sotnya.com


Жаңалықтар