Әлем жаңалықтары
14 сәуір 16:32
Ұмытуға тиісті ішімдік туралы аңыздар
Егер сіз «сүйіктіңіз үшін», «денсаулық үшін» көтерілген тосттардан бас тарта алмай қалып жатсаңыз, ертеңгі күні ішімдіктің денсаулыққа тигізетін кесапатынан құтылудың жолдарын білгеніңіз орынды.



Көптеген адамдардан ежелден түрлі стереотиптер қалыптасып қалған. Солардың ішінде ішімдікке қатысты стереотиптер де бар. Солардан құтылатын кез келді.
Сонау ежелгі Грекия заманынан бастап адамдар жүзімнің тамаша жидек ғана емес, сонымен қатар хош иісті және масайрататын сусын екендігіне де көз жеткізді. Қазір алкоголь тарихы әлемде көнерген. Алкоголь адамдарға қалай әсер ететінін айтып ешкімді де таң қалдыра алмайсың. Дэвид Натта (британдық психиатр, нейропсихофармакология профессоры) айтуынша, алкоголь әлемдегі ең зиянды және қауіпті есірткі. Бұл оған тыйым салудың жоқтығына, керісінше, оны халықтың жаппай арасына насихаттаулына байланысты орын алған жайт.
Дегенмен, сүйікті әйеліңіздің/енеңіздің/ бастығыңыздың және басқаларының денсаулығы үшін көтерілген тосттан бас тарта алмайтындай жағдай туындайтын болса, онда алдағы уақытта спирттік ішімдік ішкеннен кейінгі жай-күйіңізді жақсартуға және жағымсыз салдарын болдырмауға септігін тигізетін мынадай жайттарды білгеніңіз жөн.

1. Бір шыны аяқ кофе ішіп, салқын су қабылдасаңыз құлан-таза айығып шығасыз.
Бірақ, бұл шындыққа жанаспайды. Сарапшылардың пікірінше, кофеин қауіпті зат. Тіпті экспрессоны жақсы көріп, жиі адамдарда ұйқышылдық, бас айналу және жүрек айну сезімінің пайда болуы мүмкін. Өйткені, кофеин біздің қысымға әсер етіп, оны тұрақсыздандырады.
Бір шыны аяқ кофені ішкеннен кейін адам қалыпты жағдайға оралады деп үміттенуге бола ма? Танымал ғалым Томас Коул және оның әріптестері бұл мәселемен көптеген жылдар бойы айналысқан. Ғалымдардың зерттеу нәтижесіне сәйкес, кофеин алкогольдік ұйқышылдықтан құтылуға көмектеседі, бірақ ойлану мен түсіну қабілетін бермейді. Жалпы жағдай одан да нашарлауы мүмкін. Жүрек айнуы, бас ауруы – міне сіз осындай нәтижені ғана күте аласыз.
Суық себезгіге келетін болсақ, бұл әдіс біршама радикалды. Ол жай ғана сергітеді, бірақ айықтырады деп үміттенуге болмайды.

2. Қошқыл түсті алкогольдың зияны жоқ.
Алкогольдің қошқыл түрлері ашық түрлі алкогольға қарағанда әлдеқайда жақсы екендігі жайлы көзқарас бар. Мысалы, көптеген адамдар мүлдем зиянсыз, тіпті пайдалы болатындығына сеніп, қызыл шарап ішеді. Шынында, спирттік ішімдік қандай түсті болғаны маңызды емес. Барлығы қанша ішкеніңізге байланысты. Мысалы, күрең барқыт түсті «Фраголино» аққайнары, әдеттегі ақшыл шымырлайтын шараппен бірдей масайтады. Қошқыл және қызыл түстегі алкогольдік сусындарда антиоксиданттар көп. Бірақ оларға басымдық беру ақуыз дитесасын ұстана отырып тез тамақтану орнынан котлет жегенмен бірдей.

3. Түрлі алкоголь сусындарының жүріс-тұрысқа әсері
Адамға алкогольдік сусындардың түрлері әртүрлі әсер етеді деген пікір бар. Мысалы, текиланы ішіп масайрау бұл көңілді, ал сырадан - сіз ұйықтағыңыз келеді. Атақты ғалым Гай Радклифтің зерттеуі бойынша, алкогольдік сусынның түрі адамның мінез-құлқына ешқандай әсер етпейді. Демек, үстел үстінде әдепсіз би билеп, джин тоникты артық іштім деп ақтала алмайсыз.
Химиялық тұрғыдан бұл аңызға қатысты ешқандай дәлел жоқ. Арақта да, шарапта да қанға сіңетін спирт бар. Бұл процесс аңыздың психоәлеуметтік негізіне ешқандай қатысы жоқ. Адамның мінез-құлқы оның қаншалықты ішкеніне байланысты болуы керек.

4. Бас ауыруды жазуға арналған рецептер
Күшті алкогольді ішімдік жақсы көретін әр адамның бас жазуға арналған өзіндік айрықша рецепті бар. Бірақ, оларға сенім артудың еш қажеті де жоқ. Әрине, егер де ол маманның – биолог не болмаса химиктің кеңесі болмаса. Барлығы да адамның спиртті адамның қаншалықты ішкеніне байланысты. Сприт дозасы көп болған сайын оның ағзадан шығу уақыты да ұзара түседі. Дегенмен, плацебо әсерін де естен шығармаған жөн. Оған сәйкес адамдар сенгісі келген нәрсеге сенім артады. Сондықтан да кейбіреулер бас ауруынан кофе, ащы сусын не болмаса көк шай құтқарады деп жатады.
Бірақ тиімді әдіс бар - бұл көп мөлшерде минералды немесе қарапайым суды ішу. Бұл әдіс тиімділігінің себебі - шамадан тыс ішудің ағзаны ми мен қан тамырларына (бас ауруларының себебі болып табылатын) қоса алғанда барлық жүйелерге әсер ететін денені қатты сіңіреді. Көптеген сусындар ағзаның сусызданудың алдын алады.
Финляндия ғалымдары кейбір жемістердің бас жазуға көмектесетінін дәлелдеді. Дегенмен, механизмнің өзі толық зерделенбегенімен, бас жазу кезеңінде жемістер ағзасында токсиндерді белсенді түрде шығарып тастайды. Ал жүрек айнуын күрделі көмірсулармен басуға болады: тұтас астық ботқасы, кебек бидай наны, қызанақ, қияр, сәбіз, қырыққабат, аскөк, жасыл жапырақты көкөністер.

5. Майлы тамақ көмектеседі
Алкоголь мен тамақ байланысты екені еш дау тудырмайтын факт. Көптеген адамдар алкогольдік сусындардың калориялы екендігіне және оның адамды семіртетіндігіне сенімді. Бірақ іс жүзінде ол адамның тәбетін (бұл ағзаның токсиндерден құтылудың бір әдісін табу әрекеті) шақырады.
Тағы бір жиі кездесетін аңыз - майлы және жоғары калориялы тағам – масаю мен бас жазудың  жақсы құралы. Бірақ бұл ойдан шығарылған қиялдан басқа ештеңе емес. Алкогольді ішімдіктерді тұтыну бауырға, асқазанға, бүйректерге және басқа мүшелерге үлкен жүктеме болып табылады. Егер біз асқазанға ішімдіктің үстіне майлы тағам қосар болсақ, - бұл панкреатит, гастрит, жаралар және басқа да жағымсыз ауруларға тікелей жол ашады.
Кейбір әккілер дастарқан басында алғашқы стақанды ішпес бұрын бір тілім майлы ет жеуді немесе бір ас қасық өсімді майын ішуді кеңес береді. Мұндай жолмен өз таныстарыңыздың бірімен әзілдесуге болады, одан кейін видеоға түсіріп, келеке етуге жол ашылады.
Алайда бұл мәселеде шындық та бар. Мұндай тағамдық өнімдер асқазан қабырғаларын майландырып алады, Адам ішімдікті ішеді, алайда ағзаға сіңбейді, сол себепті біраз уақыт бойы мастық сезілмейді, бұл бас қосулар кезінде еркіндік беріп жатады. Осы уақыт арасында асқазан сөлі маймен күресіп, енді ішімдікті өңдеуге кіріседі. Міне, дәл осы кезде ағзадағы қан құрамына ішімдіктің көп мөлшері түседі. Мұндай жағдайдағы келесі ағзаның көрсететін әрекеті– қатты, ес-түссіз масаю.

Мұндай жағдайлардан құтылу үшін кешкісін ішетін өз межеңізді білгеніңіз жөн екенін етен шығармаңыз. Және де өзіңіз бұдан ләззат аласы, ертесіне сізде қиындықтар тумайды.


http://www.menslife.com

Комментарии




Яндекс.Метрика